Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

8 Апреля 2019 Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2019 жылдың 4 сәуірінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ эмитенті дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

-Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып отыр. Қазіргі рейтинг пен оның расталуы банктің тұрақты әрі сенімділігін, басқару қызметі мен бизнес-стратегиясының тиімділігін, ал несие қабілеттілігінің жақсы деңгейде екенін, несие қатерлерінің төмендігін көрсетеді, - деп атап өтті «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұзақмерзімді рейтингінің расталуы мемлекеттің қажет болған жағдайда қолдау білдіруге дайын екендігі туралы агенттік пікірін білдіреді. Себебі, Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыруда ғана емес, жалпы қазақстандық ипотекалық нарықта маңызды рөл атқарып отыр.

Бұған қоса, Fitch Ratings пікіріне сүйенсек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі орта мерзімді перспективада мұндай қолдауды қажет ете қоймайды. Сондай-ақ, агенттік банктің несие қоржынының тұрақты (жұмыс істемейтін активтер көрсеткіші 0,3 пайыз деңгейінде, ал бұл көрсеткіш барлық қазақстандық банктер арасында орта есеппен 8,3 пайызға тең), капитал қорының жақсы және жайлы өтімділік қорының бар екенін атап өтті.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз