Жинақ күні «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 48 пәтерден тұратын таунхаус құрылысы жоспарланып отыр

15 Августа 2017
Үйлер «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағдарламасының пилоттық жобасы аясында салынады. Коттедж қалашығының жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды. Нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.



Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды тарту мәселелеріне облыстық әкімдік жауап береді, ал дайын үйлерді жеңілдікті мөлшерлеме бойынша сатып алуға ТҮҚЖБ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) көмектеседі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бүгін аталған мәселе бойынша келісімге келіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

- Аймақта 26 000 адам жер телімдерін алу кезегінде тұр. Бұл – үй жағдайын жақсартқысы келетін ауыл тұрғындары, дәрігерлер, мұғалімдер, бюджет саласының қызметкерлері. Барлығы да жеке үйім болса, кең үйде тұрсам дейді. «Нұрлы жер» бағдарламасы мұндай мүмкіндікті ұсынып отыр. Жақын арада олар заң бойынша өздеріне тиесілі 10 сотық жерден бөлек 1 шаршы метрінің құны 120 000 теңге болатын жайлы коттеджге де ие болады», - деп түсіндірді Ляззат Ибрагимова.

Меморандумға қол қойылған соң Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жеке баспанаға қол жеткізген жандарға үйдің кілтін тапсырды. 168 пәтерден тұратын үй Талдықорғанның оңтүстік-батысындағы жаңа ауданда орналасқан. Пәтерлер әкімдікте кезекте тұрғандарға да, банк салымшыларына да 1 шаршы метрі үшін 140 000 теңгеден берілді.

- Бұрын мен ақша жинап, үй сатып алу мүмкін емес деп ойлайтынмын. Бірақ шотымда 1 миллион 700 мың теңгенің басы құралғанда, қуаттанып кеттім. Бұл пәтер бағасының 30%-ы болды. Пәтер сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш беріп, өтіп кеттім. Жетпейтін сомаға заем алдым. Енді алғашқы бес жыл бойы 37 000 теңгеден төлеп тұрамын, осыдан соң төлем сомасы азаятын болады», - дейді ТҮҚЖБ салымшысы Бақыт Ахметова.

Жыл соңына дейін Алматы облысында тағы 672 отбасы жаңа үйге көшіп кіре алады. Аймақта 6 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, оның төртеуі Талдықорғанда, қалған екеуі Қаскелең мен Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде орналасқан.

Жалпы алғанда Алматы облысында 42 000 адам үй алу үшін қаражат жинап жатыр.

қайтару