Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Банк жаңалықтары

  • 11 Июля 2019 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қорландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырады. Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 7 жыл. Қор биржасы алаңындағы сауда 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді.

  • 9 Июля 2019 Астана күні қарсаңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 100 салымшысына тұрғын үй сертификаттары табысталды

    Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аталған жоба үшін бюджеттен арнайы 100 млн. теңге қаражат бөлді. Бүгін 1 млн. теңге сомасындағы тұрғын үй сертификаттарын 100 адам алды. Олардың арасында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, білім беру басқармасы мен полиция департаменті қызметкерлері бар. 

  • 4 Июля 2019 Құрметті клиенттер!

    Астана күні мерекесіне орай, Банктің филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз:
    - 06 шілде (сенбі) – мереке күні.
    - 07 шілде (жексенбі) – демалыс күні.
    - 08 шілде (дүйсенбі) - банктің филиалдары мен бөлімшелері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтап, жақсы демалыс тілейді!

  • 28 Июня 2019 Бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру туралы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банктің уәкілетті органының бірінші облигациялық бағдарлама шегінде қамтамасыз етусіз «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңы арқылы мамандандырылған сауда-саттық әдісімен, табыстылығы жылдық 9,5-10,5% ауқымын құрайтын 20 000 000 дана облигацияның бірінші шығарылымын орналастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. 

  • 28 Июня 2019 Клиенттердің назарына!

    Құрметті салымшылар, «Онлайн табыстау» банк қызметін оңтайландыруға қатысты жұмыстар 2019 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылады.
    Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 22 маусымында депозиттерді сатуға өтінім беру тоқтатылған болатын. Көрсетілген мерзімге дейін сатылымға қойылған депозиттер бойынша сату стандартты түрде аяқталды.
    Түсіністікпен қарайтындарыңызға сенеміз.

  • 21 Июня 2019 «Онлайн табыстау» - уақытша тоқтатылды

    Құрметті салымшылар, банктің «Онлайн-табыстау» қызметін оңтайландыруға қатысты жұмыстарды жүргізуіне байланысты, 2019 жылғы 22 маусымда, сағат 00:00-де депозиттерді сату үшін өтінімдерді беру уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.
    Көрсетілген мерзімге дейін сатуға қойылған депозиттер стандартты режимде аяқталады.
    Аталған қызмет шамамен 2019 жылдың 1 шілдесінде қайта іске қосылады. Түсіністікпен қарайтындарыңызға сенеміз.

  • 21 Июня 2019 Банк клиенттерінің назарына!

    2019 жылдың 22 маусымы – сенбі күні, сағат 22:00-ден 00:00-ге дейін Банк техникалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты Жеке кабинетте клиенттер үшін сервис түрлері уақытша жұмыс істемейтіндігін хабарлаймыз.

    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

  • 18 Июня 2019 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің әлеуметтік маңызы зор екі тұрғын үй бағдарламасы бойынша 10 000 қазақстандықтың баспана алуына жағдай жасалады

    Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қоғамдық кеңес мүшелері екі бірдей әлеуметтік маңызы зор тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында танысты. Бұл – «Әскери өнім» бағдарламасы мен тұрғын үй сатып алу үшін табысы төмен отбасыларды несиелендіруге арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты.

  • 10 Июня 2019 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «Бағалаушылар кабинетінің» іске қосылуы несиелік өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқартты

    Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру мөлшері жағынан алдыңғы қатарда. Яғни, тұрғын үй құрылысын жүргізу және оны сатып алу мақсатында қазақстандықтарға бөлінген барлық несие көлемінің 59%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі (01.04.2019 ж. ҚР ҰБ мәліметі бойынша). 

  • 7 Июня 2019 «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмыстың тұрақтылығы мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелердің орындалып жатқандығы туралы хабарлайды

    Бүгін, сағат 15:00-дегі мәліметтер бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 456 салымшысы жаңа депозит ашып, 95 салымшы банктік займ алды. Сондай-ақ, салымдарды біріктіру, бөлу және оны табыстау процедуралары жоспарлы режимде жүргізілуде. Барлық аймақтық филиалдар мен банктік қызмет көрсету орталықтары штаттық түрде жұмыс жасайды.

  • ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

    Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

    Суреттегі кодты енгізіңіз