Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа заем беру бойынша жылдық жоспарды уақытынан бұрын орындады

24 Ноября 2017 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа заем беру бойынша жылдық жоспарды уақытынан бұрын орындады
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) осы жылы 195,1 млрд теңгеге заем берген. Ал 2017 жылға арналған жоспар 180,9 млрд теңге болатын. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өткен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Директорлар кеңесінің отырысында белгілі болды. ТҮҚЖБ басшылығы осы жылдың 9 айы бойынша қаржы институты жұмысының нәтижелері туралы есеп берді.

Есептік кезеңде 28 990 қазақстандық өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алған. Ал банктің NPL деңгейі (уақтылы төленбеген, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер) 10%-ға төмендеп, 0,33%-ды құрапты. Есеп нәтижелері бойынша, бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтімділіктің берік қорына ие. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрсеткіштері Ұлттық банктің қаржы институты тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін талап ететін көрсеткіштерінен (пруденциалды нормативтер қоры) үш есе артық.

ТҮҚЖБ халықтың ұзақмерзімді салымдарын тарту бойынша 28% үлеске ие болып, бірінші орынды алып отыр. Осы жылдың 9 айында ТҮҚЖЖ туралы 255 278 келісім-шарт ашылыпты. Бұл жоспарланған көрсеткішке қарағанда 17%-ға артық.

Сонымен қатар Директорлар кеңесі отырысында операцияларды орындаудың Жалпы шарттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, 2018 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспар, бюджеттің орындалуы мен банк рентабельділігі көрсеткіштері туралы есеп, инвестициялық қоржын туралы есеп қарастырылып, бекітілді.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз