Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

19 Июня 2018  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Нұрлан Ақшанов «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрайымының орынбасары атанды. ҚТҚЖБ басқарма құрамының өзгергендігі туралы Алматы қаласында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың жетекшілік етуімен өткен банк Директорлар кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
Осыған дейін Нұрлан Ақшанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында субдсидиялау мәселелеріне жетекшілік етіп, қордың бағдарламалық құралдары мен клиенттік сервисіне жауап берген болатын.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жаңа басқарма мүшесі байланыс орталығы департаменті, сату және өңірлерді дамыту департаменті, сондай-ақ банктің аймақтық филиалдары жұмысына жетекшілік ететін болады.
Бүдан бөлек Директорлар кеңесі отырысында банктің бірқатар ішкі құжаттарын күшін жоғалтқан деп тану және Ішкі аудит департаменті қызметі мәселелері қарастырылды.

***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00527), 8 707 490 17 67, pr@hcsbk.kz  

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз