Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит базасы жыл басынан бері 14%-ға артты

20 Октября 2017 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит базасы жыл басынан бері 14%-ға артты
Бүгін «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өткен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің отырысында банк басшылығы 1-жартыжылдықтағы қаржы институтының жұмыс нәтижелері бойынша есеп берді.

Есептік кезең нәтижелері бойынша ТҮҚЖБ халықтың ұзақмерзімді салымы нарығында 1-орында тұр. Жинақ ақшасының жалпы көлемі 464 млрд теңгеге немесе екінші деңгейлі банктер арасында жалпы депозит қоржынының 28%-на тең.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова көрсеткіштердің жақсаруына халықтың тұрғын үй жинақ құрылыс жүйесіне деген сенімінің артуымен қатар 2017 жылдың сәуір айындағы тұрғын үй жинақ құрылысы туралы келісім-шарттар бекітудегі комиссияның алынып тасталғанының да ықпал еткенін атап өтті. Осы жылдың төртінші айында 58 390 адам жаңа депозит ашқан, ал 2016 жылдың балама кезеңінде бұл көрсеткіш 20 310-ға тең болатын. Жалпы алғанда бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша ТҮҚЖБ-да 201 523 жаңа келісім-шарт ашылды. Бұл 2016 жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда екі есе дерлік көп.

Есептік кезең ішінде Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы мен баспана сатып алуға берілген заемдар көлемі 155 млрд теңгені құрады, оның 117 миллиардын ТҮҚЖБ бөліп отыр. Бұл бүкіл ел бойынша ресімделген барлық ипотекалық заемдардың 75,4%-на тең. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын несиелерге деген мұндай сұраныстың қалыптасуына екінші деңгейлі банктер белсенділігінің халықты несиелендіру нарығындағы бірқалыпты ғана дамуы, жылжымайтын мүлік бағасының тұрақталуы және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы әсер етті.

ТҮҚЖБ несие қоржыны 14,2%-ға артып, 6 ай қорытындысы бойынша 377,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте банктің басқа екінші деңгейлі банктер арасында сапасы ең жоғары несие қоржынына ие болып отырғанын айта кету керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің NPL-ы (төленбегеніне 90 күннен астам уақыт өтіп кеткен заемдар) 0,41%-ды құрайды, ал қазақстандық банктер бойынша орташа NPL 10,7%-ға тең.

Сонымен қатар Директорлар кеңесінің отырысында бюджеттің орындалуы және банктің рентабельдігі көрсеткіштері туралы есеп, қаржылық тәуекелдерді басқару жөніндегі есеп және тағы басқа Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметінің нәтижелеріне байланысты бірқатар есептер қарастырылып, бекітілді.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз