Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Алматы әкімдігі «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қорытындысын шығарды

15 Декабря 2017 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Алматы әкімдігі «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қорытындысын шығарды
100 адам «Алматы Жастары» пилоттық тұрғын үй бағдарламасының қатысушысы атанып отыр. Бүгін олардың 25-і пәтер кілті мен сертификаттар алды. Жеңілдетілген шарттармен баспаналы болған жас алматылықтарды Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова құттықтады.
- «Алматы Жастары» бағдарламасы үлкен резонанс тудырды. Осы жылдың қазан айында басталған жоба 10 жұмыс күні ішінде 6 657 өтінім қабылдады. Бұл статистика бағдарламаның алматылықтар, банк салымшылары арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта жасы 18 бен 35 аралығындағы 80 000 алматылық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй аламын деп қаражат жинап жатыр. Ал қолжетімді несиені 30 000-дай мегополис тұрғыны ресімдеген. Яғни шотта ақша жинап, қолайына келетін нарық ұсынысын күтуге жастар дайын. Сондықтан оларға, әсіресе табысы жоғары емес азаматтарға жақын арада пәтер алуға мүмкіндік беретін «Алматы Жастары» секілді бағдарламалар қалаға қажет», - дейді Жанар Жұбаниязова.
«Алматы Жастары» бағдардарламасын жүзеге асыруға қала әкімдігі 1 млрд теңге бөлді. Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатысты. Үміткерлер тізімін қала әкімдігі жасады. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті 10 күн ішінде беріп үлгеру керек болатын. Құжаттар электронды түрде қабылданды, барлық процесс автоматты және ашық, айқын жүрді.
Үміткерлер пулы «Алматы Жастары» бағдарламасы үшін арнайы әзірленген балл жүйесіне сәйкес іріктелді. Ол жас алматылықтарды қолдауға арналған түрлі критерийлерді ескерді. Мәселен, балл деңгейіне некеде тұрған жыл саны, балаларының бар-жоқтығы, жұмыс орны және еңбек өтілі, кәсібі, жеке кәсіпкер ретіндегі жұмыс тәжірибесі, Алматы қаласында қанша уақыт тіркеуде тұрғандығы секілді шарттар әсер етті.
«Алматы Жастары» аясында тіркелген ең үлкен балл 162-ге, ал ең төменгі балл 72-ге тең. Бағдарламаға қатысушылардың ең жасы 24-те.
Қатысушылардың бірі Лаура Мұстафаева 96 балл жинаған. Өзі де, жолдасы да бюджет саласында жұмыс істейді. Бұған дейін қызметтік пәтерде тұрып келген екен. Бағдарлама туралы естіген соң, талаптарымен мұқият танысып, бірден өтінім берген.
- Кең екі бөлмелі пәтер таңдап қойдық, себебі екі баламыз бар. Үйдің құны 14 000 000 теңге, оның 10 000 000-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5% болатын несие түрінде берді. Мұндай шарттарды басқа бірде-бір банк ұсынбайды, - деді «Алматы Жастарының» қатысушысы.
Лаура Мұстафаева секілді іріктеуден өткен басқа да үміткерлер жылдығы 5% болатын жеңілдетілген заем алады. Жас алматылықтар қол жеткізе алатын ең жоғарғы несие сомасы – 10 млн теңге. Заем тек жаңа үй сатып алуға беріледі, оны бағдарлама қатысушысы өзі таңдайды.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз