Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылдың 1-тоқсанында салым тарту және несие беруде көшбасшы атанды

24 Мая 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылдың 1-тоқсанында салым тарту және несие беруде көшбасшы атанды
2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй құрылысы мен үй сатып алуға берілген несиелердің 83%-ын ресімдеп, Қазақстанның ипотекалық нарығында көшбасшы атанып отыр. Жалпы алғанда осы жылдың 1-тоқсанында екінші деңгейлі банктер қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 91,4 млрд теңге берген, оның 75,8 миллиарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлесінде. Бұл ретте ең төмен NPL, яғни, уақтылы төленбеген, өтелмеген мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер деңгейі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі екенін айта кету керек: есептік мерзімде бұл көрсеткіш деңгейі 0,02%-ға төмендеп, 0,28%-ды құраған.

Аталған мәліметтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығы Директорлар кеңесінің кезекті отырысында хабарлады. Шара Астанада «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың жетекшілік етуімен өтті.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының 2018 жылдың 1-тоқсанындағы қаржы институты қызметі нәтижелері туралы есебіне сәйкес, есептік мерзім ішінде 6 539 адам банк көмегімен тұрғын үй жағдайын жақсарта алған. 59 095 азамат жаңа депозит ашқан. Осының арқасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит базасы 24 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 544 млрд теңгені құрап отыр. Бұл барлық екінші деңгейлі банктердің депозиттік базасының 27%-на тең. Аталған жайт Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ұзақмерзімді активтер нарығында 1-орыннан көрінуге мүмкіндік берді.

Клиенттердің артуымен қатар, банк оларға жайлы қызмет көрсету үшін IT-құрылымын белсенді түрде дамытып, сервис процестерін жетілдіріп жатыр. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жаңа технологиялар банк филиалдарында 2 313 200 адамға қызмет етуге мүмкін берген. 2014 жылы аталған көрсеткіш бар болғаны 646 512 адамға тең еді. Бұл ретте осы мерзім ішінде банк филиалдары қызметкерлері санының артпағанын және 657 адамды құрайтынын айта кету керек.

Банк клиенттері қашықтан қызмет алу мүмкіндігін де жиі пайдалана бастады. Қазіргі уақытта «ЖССБ24» интернет-банкингінде 219 422 адам тіркелген, ал балама төлем каналдары арқылы 3 201 418 операция өткен.

2018 жылдың 1-тоқсанындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметі нәтижелері туралы басқарма есебінен бөлек Директорлар кеңесінде Банктің 2014-2023 жылдарға арналған ұзақмерзімді стратегиясының 2017 жылы орындалуы туралы есеп пен 2017 жылғы жылдық есеп бекітілді. Бұдан бөлек Директорлар кеңесінің мүшелері Банктің бірқатар ішкі құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз