Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Талдықорған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін дауыс беру басталғаны туралы

7 Ноября 2018 Талдықорған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін дауыс беру басталғаны туралы
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Оңтүстік-Батыс шағын ауданында орналасқан 5­қабатты 60­пәтерлі несиелік тұрғын үй.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30.12.2018.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3

Пәтер саны: 60,
Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 47,10 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 59,12 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 75,84 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 19.11.2018ж бастап 18.12.2018ж дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 19.12.2018ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны
жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Алдын ала тұрғын үй заемынына өтініш беру үшін өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй жинағының тиісті көлемі үй бағасының кемінде 10 %-ы болу керек.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз