Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 82%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіретіндіктерін айтты

26 Апреля 2018 Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 82%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіретіндіктерін айтты
Мұны өткен жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген тәуелсіз бедел аудитінің нәтижелері көрсетіп отыр. Аудит мәліметтеріне қарағанда, банк өнімдері мен қызметтері сауалнамаға қатысқандарлың 96%-ы үшін пайдалы екен. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметіндегі ең тартымды шарттардың алғашқы үштігіне займдар бойынша төмен пайыздық мөлшерлемелер, мемлекеттің қатысуы және 20% көлеміндегі жыл сайынғы сыйлықақы кіріп отыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәуелсіз бедел аудитінің нәтижелерін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің тәуекелдер және ішкі бақылау комитеті мүшелеріне таныстырды. Сонымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған банктің даму жоспарын орындау туралы есеп аясында аталған зерттеу нәтижелері Директорлар кеңесінің отырысында да талқыланды. Шара Алматыда «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың жетекшілік етуімен өтті.

Есепке сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қазіргі несие қоржыны 464,4 млрд теңгені құрайды. Бұл соманың жартысына жуығы, яғни 214,4 млрд теңгесі аралық займдарға, ал 149,6 миллиарды тұрғын үй займдарына берілген.

2017 жылы Тұрын үй құрылыс жинақ банкі жалпы сомасы 289,8 млрд теңге болатын 41 728 займ берген. Займшылардың басым бөлігі баспананы қайталама, яғни ескі үйлер нарығынан сатып алу үшін несие ресімдеуді жөн көріпті. Бұл мақсатта 198,7 млрд теңге берілген, ал жаңа үйлер нарығынан жылжымайтын мүлік сатып алу үшін банк 82,2 млрд теңгенің несиесін ресімдеген. Бұдан бөлек жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа екінші деңгейлі банктердегі ипотеканы қайта қаржыландыру мақсатында 8,7 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта банкте 1 081 052 тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы келісім-шарт бар. 2017 жылы 352 301 депозит ашылған, ал 2018 жылдың басынан бері 58 095 жаңа шот ресімделген. Бұлардың көпшілігі, яғни 53%-ы ҚТҚЖБ кеңесшілерінің көмегімен ашылады.

Сонымен қатар Директорлар кеңесі отырысы барысында банк 2018 жылдың 1-тоқсаны бойынша Ішкі аудит департаментінің қызметі, бюджеттің орындалуы және өткен жыл бойынша банк табыстылығы көрсеткіштері туралы есеп берді. 2018 жылдың 1-тоқсаны бойынша Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің Комитеттері жұмысы туралы есеп қарастырылып, бекітілді.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз