Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Петропавл қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

14 Мая 2019 Петропавл қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қосымша байқау басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: 75 пәтерлі көпқабатты №2 тұрғын үй. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а. мекенжайы бойынша орналасқан (1195 код).

«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.

Пәтерлер сәні: 10
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 8 пәтер, ең үлкен аумақ 58.71 ш.м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 2 пәтер, ең үлкен аумақ 71.24 ш.м.,

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 16.05.2019 ж. бастап 26.05.2019 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 27.05.2019 ж.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз