Жинақ күні «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Павлодар қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

12 Сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жергілікті атқарушы органдар арқылы «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысы (21 шағын аудан)».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: мамыр 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 115 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 73
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 46,50 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 17 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 64,61 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 80,71 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 41,88 ш.м.
«Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 08.09.2017 ж. бастап 15.09.2017 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 18.09.2017 ж.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 22.09.2017 ж. бастап 02.10.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау мерзімі: 22.09.2017 ж. бастап 05.10.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 06.10.2017 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

қайтару