Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Павлодар қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

9 Ноября 2018 Павлодар қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз Үйім» бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: Павлодар қаласы, Ломов, көшесі, 154/3 үй мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» ықшам ауданының тоғызыншы орамындағы 9 қабатты 2 кіреберісті №3 тұрғын үй, коды №1122.

Тапсырыс берушінің атауы: «Павлодар» Әлеуметті-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы.
Құрылыс салушының атауы: «ГСУ «Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: 2019 ж. ақпан айы.
2 қабаттан 8 қабатқа дейінгі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 146 500 теңге.
1 және 9 қабаттағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 6,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 47,59 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 65,52 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 79,35 ш.м.;

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі: 09.11.2018 бастап 18.11.2018 жылға дейін.

Балл санау күні (Үміткерлерді іріктеу) : 19.11.2018 жыл
Біліктілік мерзімі (төлеу қабылеттілігін растау): 22.11.2018 жылдан бастап 30.11.2018 жылға дейін.
Іріктеуден өту орны: Банк филиалдары
«Өз үйім» Бағдарламасына өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек..
Пулға өтініш тек қана Банк салымшыларынан Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беріледі. Өтініштің берілген күні және уақыты иеленген балл санына және өтініш берушінің кезегіне әсер етпейді.
Үй бөлу тәртібімен, біліктіліктен өту үшін қажет құжаттар тізімі, сонда-ақ ғимарат қасбеттерінің фотосуретін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz немесе www.baspana.kz интернет-ресурсынан көруге болады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз