Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында квалификацияның басталуы туралы

9 Ноября 2018 Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында квалификацияның басталуы туралы
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Нысан құрылысының аяқталуына байланысты квалификациядан (төлем қабілеттілігі) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 85/1 үй» мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» тұрғын кешеніндегі 9 қабатты 2 кіреберісті №22 тұрғын үй.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш. м. бағасы 165 000 теңге.
Пәтер саны: 112,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 7 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 42,90 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 29 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 58,10 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 59 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 82,20 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 52,60 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 70,30 ш.м.;
Квалификациядан (төлем қабілеттілігі) өту уақыты: 08.11.2018 ж. - 29.11.2018 ж.
Тұрғын үйді таңдау мерзімі: 08.11.2018 ж. - 06.12.2018 ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 07.12.2018 жыл.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, біліктілік үшін құжаттар тізімімен (төлем қабілеттілігі), құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің интернет ресурстары www.hcsbk.kz «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Біліктіліктің мерзімі өткеннен кейін біліктілік үшін құжаттар Банк тарапынан қабылданбайды.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз