Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

8 Января 2019 Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылының Сол жағалауындағы тұрғын үй кешені. 1,2,3,4,5 ұстаным, тұрғын үйлер және коммерциялық орынжайлар (сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды 1070.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қолданысқа 30.12.2018 жылы тапсырылды.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 165 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 5, олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,18-59,05 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 84,71-85,26 ш.м.
«Өз үйім» бағдарламасына өңірлік жобаға өтініш қабылдау мерзімі: 09.01.2019 жылдан бастап 22.01.2019 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 23.01.2019 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 29.01.2019 жылдан бастап 08.02.2019 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 29.01.2019 жылдан бастап 15.02.2019 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 18.02.2019 жыл
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Банктің интернет-ресурсындағы www.baspana.kz тек қана Банк салымшыларынан өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, бөлу тәртібімен, біліктілікке қажетті құжаттар тізімі (төлем қабілеттілігін бағалау) және  ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен, пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз