Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Несие өтеу кестесін ЖССБ 24 Интернет банкингінен кез келген уақытта білуге болады!

22 Ноября 2018 Несие өтеу кестесін ЖССБ 24 Интернет банкингінен кез келген уақытта білуге болады!
Достар, ЖССБ Интернет банкингінің веб-нұсқасында (https://online.hcsbk.kz/) несие бойынша төлем кестесін көрсететін жаңа қызмет пайда болды. Кестені толығымен Несие бөлімінен көре аласыздар. Кесте соманы және кезекті төлем мерзімін бөліп көрсете алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқанда бірден Интернет банкингке тіркеліп алыңыз. Тіркелу бірнеше минут алады, есесіне кейін ақша жинау және несие өтеу ыңғайлы бола түседі. Интернет банкингтің көмегімен заем алуға тағы қанша жинау керектігін біліп отырасыз, депозиттеріңізді тез және оңай толықтырып, несие өтей аласыз, тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға өтініш білдіріп, заем аларда сақтандыру сомасын өз бетіңізше есептей аласыз, сонымен қатар банкке барарда Интернет банкинг арқылы уақыт брондап қою және басқа көптеген мүмкіндіктер бар.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз