Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

10 Июля 2019 Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» Бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Қостанай қаласы, Әуежай ықшам ауданында орналасқан №39-39/1-40 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1383.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.12.2019 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 108,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 54 пәтер, ең жоғарғы ауданы 39.41 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы 57.84 ш.м.
Пәтер түрі 3, 3-¬бөлмелі: 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы 78.4 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 15.07.2019 ж. бастап 08.08.2019 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 09.08.2019 ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз