Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Батыс Қазақстан облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үлестік құрылысқа қатыса алады

28 Апреля 2018 Батыс Қазақстан облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үлестік құрылысқа қатыса алады
Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Байтерек» холдингінің еншілес ұйымы), Орал қаласының әкімдігі, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «Караванный путь» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аймақта үлестік құрылыстың алғашқы жобасын іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл жобаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қатыса алады. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры үлестік құрылысқа қауіпсіз қатысуды қамтамасыз етеді: қор құрылыс салушымен тиісті шартқа қол қойды. Бұл кепілдік жағдай пайда болғанда, яғни құрылыс салушы банкрот болса, қаражатты мақсатсыз пайдаланса немесе пайдалануға беру мерзімі бұзылса, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылысты аяқтайтын болады.

- Қазір 58 000-нан астам Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй алу үшін ақша жинап жатыр. Жинақтардың жалпы сомасы 28,2 млрд теңгені құрайды. Олар алдағы уақытта бағасы төмен және сапалы тұрғын үйді сатып алуды жоспарлап отыр, ал банктің мақсаты – бұл салымшыларға көмек көрсету. Сондықтан, біз бүгін бас қосып, бірігіп отырмыз. Құрылыс салушылар, жергілікті әкімдік, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлесе жұмыс жасай отырып, халықты қол жетімді шаршы метрмен қамтамасыз ете аламыз және жалпы алғанда тұрғын үй құрылысының жергілікті нарығын дамытуға көмектесетін боламыз, - деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры міндетін атқарушы Айгүл Наурызәлиева.
Меморандум аясында құрылыс салушы Орал қаласының орталығында 9 қабатты кірпіш үй тұрғызуды жоспарлап отыр.

- Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры беретін кепілдік үлескерлер салымдарының сақталуын және нысанның пайдалануға берілуін 100% қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, құрылыс барысы және үлескерлер қаражатынының мақсатты пайдаланылуы тәуелсіз инжиниринг компания тарапынан бақыланып отырады. Бұл шара салынып жатқан тұрғын үйдің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деді «Караванный путь» ЖШС директоры Замир Ихсанов.

Үлестік құрылыс кезінде ҚТҚЖБ салымшылары пәтерді «Өз үйім» бағдарламасы аясында сатып ала алады. 1 шаршы метр бағасы 170 000 теңгені құрайды. Жалпы саны 84 пәтер берілу жоспарланып отыр. Алғаш рет тұрғын үй сатып алу үшін несиені болашақ үйді кепілге қоя отырып алуға болады. Қосымша кепіл талап етілмейді.

Жақын арада пәтер сатып алушылардың пулына қатысу үшін өтініш беруге болады, ол үшін www.hcsbk.kz сайтында немесе baspana.kz порталында банктің жаңалықтарын қадағалап отыру қажет.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз