Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Қарағанды қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталуы туралы хабарлама

9 Апреля 2019 Қарағанды қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталуы туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Іріктеуден өту қажеттілігі (төлем қабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.
Нысан: «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі. Орналасқан мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 5 үй, коды 1367.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны: 192, оның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен ауданы- 35,02 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 48 пәтер, ең үлкен ауданы- 40,94 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен ауданы- 52,62 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 72 пәтер, ең үлкен ауданы- 69,15 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен ауданы- 82,11 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 22.04.2019 ж. бастап 21.05.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 22.04.2019 ж. бастап 26.05.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.05.2019 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібі, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз