Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Ақтөбе облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына алғашқы тұрғын үй сертификаттары берілді

20 Ноября 2018 Ақтөбе облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына алғашқы тұрғын үй сертификаттары берілді
Қоныс тойын атап өткелі жатқан ақтөбелік тұрғындар арасында Жанна Сәрсенова мен Алла Яскина да бар. Осыған дейін қала әкімі Ілияс Испанов оларға болашақ баспана бағасының 10%-на тең көлемдегі тұрғын үй сертификаттарын тапсырған болатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бұл салымшылары үйді «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы алатын болады. «Нұрлы жер» шарттарына сәйкес, 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта үй бағасының 20%-на тең бастапқы жарна болуы тиіс. Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен бұл соманы жинау екі есе жеңілдеді.

Жанна Сәрсенова үйді 5,1 млн теңгеге (1 ш.м бағасы 120 000 теңге) сатып алады. Несиені ол 19 жыл бойы өтеп отырады, алғашқы 8 жыл ішінде ай сайынғы несие бойынша төлем 35 000 теңгені құрайды, кейін ол 24 000 теңгеге дейін төмендейді.

- Бір апта бұрын ғана тұрғын үй сертификатын алуға болатыны туралы білдім, ал бүгін, міне, оны қолымда ұстап отырмын, пәтер сатып алуға заем ресімдеп жатырмын. Туған күнім желтоқсанда, мерекені өз баспанамда атап өтуді жоспарлап отырмын. Әкімдік пен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері қолдау білдірмегенде, бастапқы жарнаға жететін ақшаның басын құрағанша, әлі бірнеше жыл күтетін едім, - дейді банк салымшысы Жанар Сәрсенова.

Алла Яскина бағасы 4,6 млн теңге болатын (1 ш.м – 110 000 тг) бір бөлмелі пәтердің иесі атанбақ. Ол да займды 19 жыл ішінде өтейді. Бастапқы 8 жылда несиенің айлық төлемі 31 000 теңгені құрайды, қалған 11 жылда 21 000 теңгеден төлеп отыру керек болады.

- Тұрғын үй сертификаттары – бюджет саласы қызметкерлеріне арналған жақсы қолдау. Мен балалардың музыка мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін, жақын арада өз күшіммен үй ала қоюым да екіталай еді. Маған қарап әріптестерім де депозит ашып, бастапқы жарналарын жинай бастады. Олар да алдағы уақытта баспаналы болады деп үміттенемін, - деп атап өтті Алла Яскина.
Баспанаға мұқтаж тұрғындарға материалдық қолдау білдіру үшін Ақтөбе облысы әкімдігі бірінші кезең аясында 250 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтерлерді немесе коттедждерді сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төмендетуге бағытталады. Барлығы 500-дей тұрғын үй сатылады деп жоспарланып отыр.

Тұрғын үй сертификаттарын сатып алу туралы өтініштерді әкімдік қызметкерлері Ақтөбе қаласының Халықтық кеңсе ғимаратында қабылдап жатыр. Жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұрған, меншігінде үйі жоқ және төлем қабілеттілігін растай алатын азаматтар материалдық қолдаудан үміткер атана алады.

Әкімдіктен бөлінген қаражатты заемшыға бес жыл ішінде үстеме ақысыз қайтару керек екенін есте ұстаған жөн. Орта есеппен алғанда бір айлық ай сайынғы төлем 8 000 теңгені құрайды.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз