Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

«Көкжиек» ықшам ауданының зардап шеккен 13 тұрғыны «Қазақмыс» сақтандыру компаниясына өтініш берді

16 Мая 2018 «Көкжиек» ықшам ауданының зардап шеккен 13 тұрғыны «Қазақмыс» сақтандыру компаниясына өтініш берді
Кепілдіктегі жылжымайтын мүлікті ерікті түрде сақтандыру келісім-шарты (бұдан әрі – Сақтандыру келісім-шарты) бойынша «Көкжиек» ықшам ауданындағы №31 және №32 үйлерде тұратын тұрғындардан «Қазақмыс» СҚ» АҚ-на (бұдан әрі – «Қазақмыс» СҚ) 13 өтініш келіп түсті. 2018 жылдың 5 сәуірінде болған өрттен бұл өтініш иелерінің пәтерлері түрлі дәрежеде зардап шеккен болатын.

«Қазақмыс» СҚ арқылы тәуелсіз бағалаушы келген залалдың көлемін анықтады . Сақтандыру төлемдері Сақтандыру келісім-шартында көрсетілген мүліктің нарықтық бағасына деген сақтандыру сомасының қатынасына пропорционалды түрде төленетін болады. Пайда көруші сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды өткізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ала алады. Құжаттардың қатарында сақтандыру жағдайының туындау фактін, оның себептерін, залал көлемін және сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын анықтамалар болуы тиіс.

Сақтандыру келісім-шартының талаптарына сәйкес, компания мүлікке зиян келгенін немесе оның жоғалуын (қаза болуын) сақтандыру жағдайы деп тапса, сақтандыру төлемдері пайда көрушіге франшиза және амортизация шарттарын қолдана отырып төленеді.

Франшиза – Сақтандыру келісім-шартының шарттары бойынша сақтандыру жағдайы туындағанда сақтандыру компаниясы төлемейтін залалдың бөлігі. Аталған жағдайда франшиза келесідей көлемде белгіленген: мүлік зиян шексе – сақтандыру сомасының 2%-ы, жоғалса (қаза болса) – сақтандыру сомасының 10%-ы. Алайда зардап шеккендердің қиын жағдайға тап болғанын және мәселенің әлеуметтік сипатқа ие екенін ескере отырып, «Қазақмыс» СҚ сақтандыру төлемдерін франшизаны ұстамай беруге әзір.

Сақтандыру төлемдерін аудару туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ақшаның зардап шеккендерге емес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне берілетінін атай кету керек. Себебі Сақтандыру келісім-шартына сәйкес, пайда көруші – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, өрттен зиян шеккен пәтерлер де осы банкте кепілде тұр. Бұл тұрғын үй иелері 2010-2011 жылдары мемлекеттік бағдарламаға қатысып, баспаналы болу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем ресімдеген болатын.

Әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып банк зардап шеккен азаматтарға қолдау білдіруге және «Қазақмыс» СҚ-нан келіп түскен қаражатты оларға аударып беруге әзір. Бұл ақша клиенттердің қалауы бойынша не олардың займдарын өтеуге, не пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін займшылардың өздеріне берілетін болады.

Сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне қолдау білдіріп, займның жалпы мерзімін ұзартуға немесе несие өтеу бойынша 3 айдан бір жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген кезең беруге әзір. Өрттен зардап шеккендер бұл ұсыныстарды қолданамыз десе, Тұрын үй құрылыс жинақ банкіне жеке хабарласу керек.

Қарызды қайта құрылымдау бойынша құқық тағайындаушы құжаттардың көшірмесін беру немесе банк займы келісім-шартына қосымша келісім бекіту үшін зардап шеккен клиенттердің комиссия алынбайтын болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары негізгі қарыздың қалдығына сақтандыру жүргізген болатын, сондықтан сақтандыру төлемдері осы негізгі қарыздан аспайтын көлем сомасында беріледі.

Барлығы өрттен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алынған 21 пәтер зиян көрді. 5 пәтердің иелері сақтандыру келісім-шартын дер кезінде ұзартпағандықтан сақтандыру төлемдерін ала алмайды. 13 пәтердің иесі «Қазақмыс» СҚ-мен, ал қалған үшеуі басқа сақтандыру компаниясымен сақтандыру келісім-шартын бекіткен.

Зардап шеккен сегіз займшының несие өтеу мерзімі осы жылы аяқталады. Қалған займдарды әлі 5-6 жыл бойы төлеп отыру қажет. Несие бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы – 30 000 теңге.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз