Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Баспасөз-релизі: 31 қазан - Бүкіләлемдік жинақтау күні!

28 Октября 2016
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Бүкіләлемдік жинақтау күнін тойлау қарсаңында жаңа салымшылар үшін науқан жүргізіп, Ашық есік күнін өткізеді.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 31 қазанынан 4 қарашасына дейін салым ашқан клиенттерді кепілдік сыйлықтар күтеді. Сондай-ақ, жаңадан салым ашқан салымшылар 5 қарашада сағат 12:00 –де Банктің барлық филиалдарының бас кеңселерінде өтетін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады. Басты ұтыс ойынына қосымша, Банк онлайн режиміндегі фотожарыстың басталғаны туралы хабарлайды. Өз суреттері үшін #ДеньЖССБК хештегімен барынша көп лайк жинаған әлеуметтік желі қолданушылары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Жарысқа қатысатын суреттер науқан өткізілетін күндері Банк бөлімшелерінде түсірілуі қажет.

Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі былтырғы жылы 31 қазанда депозит ашқан және сыйлық ретінде жинақ сандықша алған салымшыларды да шақырады. Бір жылдың ішінде өз жинақ сандықшаларында жинаған қаражаттарын Банк клиенттері салтанатты түрде депозиттеріне сала алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Бүкіләлемдік жинақтар күнін 2015 жылдан бастап атап өтіп келеді. Жалпы, бұл мейрам 1924 жылы Миланда өткізілген конгресстен бастау алған. Сол шарада итальяндық профессор Филиппо Равизза «барлық елдің жинақ банктік институттарының бірінші жиналысынан естелік ретінде» бұл датаны «Дүниежүзілік жинақтау күні» – International Savings Day ретінде жыл сайын атап өтуді ұсынған болатын.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ –ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз