Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді бастады

3 Февраля 2017

Баспасөз-релизі
Алматы қ.                                                 03.02.2017 ж.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді бастады

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) бүгіннен бастап 2016 жыл қортындысы бойынша мемлекеттік сыйақыны төлей бастады. Жыл қортындысы бойынша, сыйақының жалпы көлемі 17,8 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды және ол Банк клиенттерінің 720 мың салымын толықтырмақ.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік сыйақының 20%-ы 200 АЕК-тен аспайтын (айлық есептік көрсеткіш) салым сомасына есептеледі. АЕК 2016 жылы 2121 теңгеге тең болғандықтан, сыйақының ең жоғарғы көлемі - 84 840 теңгені құрайды. Егер, бір жылда жиналған қаражат сомасы 200 АЕК-тен асатын болса, ынталандырылмаған жинақ қалдығы келесі жылы мемлекет сыйақысын есептеу кезінде ескерілетін болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңға сәйкес, егер салымшы Банкпен арадағы шартты 3 жыл мерзімге дейін бұзатын болса, салым бойынша есептелген мемлекет сыйақысы бюджетке қайтаруға жатады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз