Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Балхаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау туралы

9 Ноября 2018 Балхаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау туралы
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты аясында бос пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау басталғаны жайлы хабарлайды.

Нысан: «Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 10 ықшам аудан, №20 үй» мекенжайында орналасқан кредитті тұрғын үй.
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2018 жылғы 31 желтоқсан.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза әрленген» күйінде 90 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3 сынып
Пәтер саны: 6, соның ішінде:
Пәтер түрі, 1-бөлме: 2 пәтер, ең үлк. ауданы 38,09 шаршы м.,
Пәтер түрі, 3-бөлме: 4 пәтер, ең үлк. ауданы 78,1 шаршы м.

Бос пәтерді брондау үшін өтініш қабылдау кезеңі: 12 қараша 2018 жылдан бастап 17 қараша 2018 жылға дейін.
Бос пәтерді брондау және Біліктілік мерзімі: Банк мақұлдаған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Төлем қабілеттілігін бағалау орны: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалдары.

Пәтерлерді брондау тәртібімен, біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімі және де құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.



қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз