Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Құрметті клиенттер!

29 Июня 2018 Құрметті клиенттер!
Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне жеке тұлғалардың салықтық берешегіне қатысты енгізілген өзгерістердің, атап айтқанда Салық Кодексінің 4-бабының 15-тармағына (4-жол) қосылған «салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тарту» туралы өзгерістің күшіне енуіне және Мемлекеттік Кірістер комитеті тарапынан қосымша тексерулердің қосылуына байланысты 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап «Онлайн Табыстау» қызметінде келесі жағдайлар болуы мүмкін:

-    Қабылдаушы тарапта (Сатып алушы) салықтық берешек немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда, сонымен қатар Берешектің бар-жоқтығын тексеру үшін Мемлекеттік Кірістер комитеті базасының қолжетімді емес болуына байланысты депозит сатып алуға өтініш беру процесінің баяулауы немесе өтініш берудің мүмкін болмауы;
-    Қабылдаушы тарапта (Сатып алушы) салықтық берешек немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда, сонымен қатар Берешектің бар-жоқтығын тексеру үшін Мемлекеттік Кірістер комитеті базасының қолжетімді емес болуына байланысты оған депозит бойынша құқықтар мен міндеттемелерді табыстаудан бас тарту.

Онлайн-табыстауға қатысу барысында аталған жайтты қаперге алуды өтінеміз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз