Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Құрметті клиенттер!

23 Ноября 2018 Құрметті клиенттер!
24 мамырда ЖССБ интернет-банкингінде депозиттерді онлайн-табыстау атты жаңа сервисті іске қостық. Осы уақыттан бері депозиттердің Интернет-банкинг арқылы сату-сатып алу ыңғайлығы мен қауіпсіздігін 10 мыңнан астам клиентіміз бағалап үлгерді.

1 желтоқсаннан бастап онлайн-табыстауды бұрынғыдан да ыңғайлы ете түсеміз. Енді Интернет-банкингке кірмей-ақ қандай депозиттердің саудаға қойылғанын көруге болады. Сатылып жатқан депозиттер туралы мәлімет Интернет-банкингке кіру парақшасындағы "Онлайн-табыстау" деген арнайы бөлімінде тұр. Депозит сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенті болып, ЖССБ 24-ке тіркелу қажет екенін ескеруді сұраймыз.

Сонымен қатар, депозиттерді сату-сатып алудың бірнеше ережесін оңайлаттық. Ықтимал сатып алушы тарапынан алынатын кепіл жарна алып тасталады. Енді кез келген депозитті сатуға және сатып алуға болады. Оның ішінде жинақталған қаражаты азы да, енді ғана ашылғандары да бар. Жеке кәсіпкер статусы бар салымшылар депозитін онлайн табыстау арқылы сатылымға қоя алады. Сондай-ақ келісімдерді де жылдамырақ жасауға болады: депозитті саудаға қоюдың ең ұзақ уақыты 10 күннен 3 күнге дейін қысқарды, ал сату-сатып алу келісім-шартына қол қою мерзімі 3 күннен 1-2 күнге дейін қысқарды. Қаражатты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған сатып алушының ағымдағы шотынан тікелей аударуға болады.

Онлайн-табыстау Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне өз депозитін тиімді сатуға, ал өзге клиенттерге оны сатып алуға және ең төменгі мөлшерлемемен ипотекалық несие алуды тездетуге мүмкіндік береді. Жоспары өзгергендерге тұрғын үй жинақ келісім-шартын бұзып, мемлекет сыйақысын жоғалтудың қажеті болмайды. Ал жинағы жеткіліксіз немесе 3 жыл күтуге уақыты жоқ клиенттер өзге салымшының депозитін сатып алып, жылдық 5 пайызбен тұрғын үй заемын алуды жылдамдата алады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз