Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Орындалатын миссия!

ОРЫНДАЛАТЫН МИССИЯ!

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құпия агенті атанып,
Алматыда өтетін ғаламат кешке жолдама ұтып алыңыз!
Тыныш! Тек ешкімге айтпаңыз, себебі бұл – аса құпия тапсырма!

31 қазан мен 30 қараша аралығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өте жасырын түрде Құпия Агенттердің онлайн-мектебі жұмыс істейтін болады.

Сіз де бұл мектептің қатысушысы атана аласыз!

Мектеп курсанттарына үш тапсырма орындау керек.
Үш тапсырманы орындаған әр адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Құпия Агенті атанады.

Барлық тапсырма интернеттегі арнайы құпия порталда жарияланып отырады. Ол порталға тек тіркелген курсанттар, яғни қатысуға өтініш берген адамдар ғана өте алады.

Ең бастысы: үш тапсырманың нәтижесінде әр аймақта ең көп ұпай жинаған қатысушылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есебінен Алматыға құпия тапсырманы орындауға аттанады!
Алматыда оларды суперфинал – тау-шаңғы курортындағы оффлайн-квест пен ғаламат кеш күтеді! Жол, жатын орын және басқа ойын-сауық ақысын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төлейді!
Дайынсыз ба? Онда қатысу үшін дәл қазір тіркеліңіз!
Өтініш беру

Өтініш 2018 жылдың 16-30 қазаны аралығында қабылданады.

Өтінім қабылдау 2018 жылдың 30 қазанында Астана уақыты бойынша 17.00-де аяқталады.

Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент.

17 қала – 17 жеңімпаз.

Ойнаңыздар, жеңіске жетіңіздер,
миссия орындалады!

Онлайн-ойынға банктің қызметкері, қызметтегі кеңесшісі және/немесе банкпен басқадай бір ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар болып саналмайтын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Құпия куратормен байланыс орнатуға арналған телефондар:
ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз