Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Өтемақы. Жалпы талаптарға қосылу.

Құрметті клиенттер,

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.

Банк және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мемлекеттік салалық органдармен бірлесе отырып, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында Банктегі тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тетігін әзірледі.

Өтемақы төлемі бюджет қаражаты және Банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
Өтемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын (бұдан әрі – ТҚЖ шарты) рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында, Банк салымшыларға ТҚЖ шартының Жалпы талаптарына қосылу жолымен қызмет көрсетуге көшеді. 

Өтемақы төлеу ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, Eркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады (бұдан әрі - Төлемақы төлеу тәртібі). 

ТҚЖ шартының Қосымша келісімдерін жасау 2016 жылғы 8 ақпаннан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың/өтініштер қабылдаудың соңғы күні 2016 жылғы 31 мамыр) жүргізіледі.
Қосымша келісімге электронды үкіметтің egov.kz интернет порталында, сондай-ақ Банктің сайтында мұнда салымшының  электронды санды қолтаңбасы арқылы қол қоюға болады. 

Сіздерді төменде орналастырылған Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының Жалпы талаптарының толық мәтінімен, Өтемақы төлеу тәртібімен, сондай-ақ ТҚЖ салымдары бойынша төлем жасау жаднамасымен танысуды өтінеміз. Сіздерге қолайлы болу үшін, сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісіміне қол қою бойынша бейне нұсқаулық та орналастырылған. 

1. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының Жалпы талаптары
2. Өтемақы төлеу тәртібі
3. ТҚЖ салымдары бойынша төлем жасау жаднамасы 
4. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісіміне қол қою бойынша бейне нұсқаулық 



Сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады. 
ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Подписаться

Суреттегі кодты енгізіңіз