Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Өтемақы. Жалпы талаптарға қосылу.

Құрметті клиенттер,

Өтемақы төлеу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларына және Тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес төлем жасау күнінде ТҚЖ салымдарында ақша қаражаттары болған және салымшы ТҚЖ туралы шартқа қосымша келісім жасаған жағдайда жүзеге асырылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №403 бұйрығына енгізілген өзгерістерге (2016 жылғы 15 қарашадағы № 794 бұйрық) сәйкес өтемақы үш кезеңде төленеді: 
2016 жылы екі кезең – 2016 жылғы 1 тамызға дейін және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

2017 жылы бір кезең – 2017 жылғы 1 шілдеге дейін.

Өтемақы коэффициенті тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым сомасының 35,5%-ды құрайды, оның ішінде: 2016 жылы 19,7%, оның 12,7%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан; 2017 жылы 15,8%, оның 8,8%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына енгізілген өзгерістердің, Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының жалпы талаптарының, Өтемақы төлеу қағидаларының, Өтемақы төлеу тәртібінің толық мәтінімен Сіз төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп танысуыңызға болады. 


1. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының Жалпы талаптары
2. Өтемақы төлеу тәртібі
3. ТҚЖ салымдары бойынша төлем жасау жаднамасы 
4. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісіміне қол қою бойынша бейне нұсқаулық
5. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



Сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.