Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тиімді депозиттер

Депозит шарттары

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖ) -  бұл тұрғын үй құрылыс жинақтарын шоттарда  жинауды жүргізу, сондан соң,  тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында  тұрғын үй заемдарын    төменгі пайыздық мөлшерлемемен алу мүмкіндігі.

«БАСПАНА»  ТАРИФТІК БАҒДАРЛАМАСЫ **

1. Жинақтау талаптары   

     1. Жинақтаудың  ұсынылатын мерзімі, жыл
3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
     2. Шарттық соманың төменгі көлемі

 500 АЕК

     3. Жинақтау  бойынша ай сайынғы жарна  (шарттық соманың %)
1,50* 1,05* 0,83* 0,66 0,58* 0,52* 0,44* 0,38 0,34 0,31 0,28 0,26  0,25
     4.

Жинақтау бойынша сыйақы мөлшерлемесі, жылдық % 

                       

 2

     5. Тұрғын үй заемын алу үшін жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті көлемі, шарттық соманың %-ында                        

 50

     6. Бастапқы қабылданған салымның ең төменгі сомасы                            

 15 000 теңге

     7. ТҚЖ шартын жасау үшін комиссиялық алым     

0 теңге

                    
     №    

2. Тұрғын үй заемын алу талаптары 

     1. ТҚЖ салымы бойынша бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 
     16  20  25  29  35  41  45  48  53  57  61  66  74
     2. Заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі, жылдық %
    5     4,8     4,5     4,2     4     3,8     3,7     3,5     3,5     3,5     3,5     3,5     3,5
     3. Заемның ең төменгі мерзімі, ай
     

6

                  
     4. Заемның ең жоғарғы мерзімі, жыл
     6      7      8      9      10      11      12      14      16      18      21      23      25
     5. Тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы болжалды  төлем         0,81      0,70      0,62      0,56      0,51      0,46      0,43      0,38      0,34      0,31      0,28      0,26      0,25


Тарифтік бағдарламаның негізгі талаптарының сипаттамасы:
- Жинақтау мерзімі – болжамды, бағалау көрсеткішінің мәніне және тұрғын үй құрылыс жинағына төленетін жарна көлеміне байланысты есептелген;
- Ең төменгі жинақтау мерзімі – 3жыл, ең жоғарғы – шектеусіз; 
- тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі  бағалау көрсеткішінің жеткен мәніне   байланысты  бекітіледі. 
-  Тұрғын үй заемын алу: 
1. Бағалау көркеткішінің ең төменгі мәніне жеткен жағдайда; 
2. Жинақтаған ақшаның төменгі қажетті көлемін жинақтаған жағдайда; 
3. Қажетті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда; 
4. Банктің ішкі құжаттарына сай клиенттің төлемқабілеттілігі расталған жағдайда мүмкін болады.


«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банктік өнімдер мен процесстер жөніндегі комитетінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №25 Хаттамасына сәйкес, "Баспана" тарифтік бағдарламасы бойынша жинақтау шарттары өзгертілді, атап айтқанда салымға қатысты ай сайынғы жарналарды анықтайтын коэффициенттерг түзету енгізілді. Бұл шешім 2017 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.

** «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банктік өнімдер мен процесстер жөніндегі комитетінің шешімімен бекітілді, 2017 жылғы 25 шілдедегі №22 Хаттама, 2017 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енеді.

Жеке тұлғалар үшін банктік қызмет бойынша тарифтер (комиссиялық алымдар) көлемінің тізбесі

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасау үшін Сізге төмендегі құжаттар қажет:

- Жеке куәлік

- Туу туралы куәлік (егер келісімшарт сәбиге жасалса)

- Нотариалды куәландырылған сенімхат (егер келісімшарт үшінші тұлғаға жасалса).

Бәлкім, біздің өнімдер туралы ақпаратты қарау барысында Сізде сұрақтар немесе анықтауға қажетті жайттар туындаған болар. Сізге бәрін түсінуге көмектесеміз. Аталған сайт арқылы Сіз өзіңізді қызықтырған ақпараттармен, терминдердің анықтамасымен, бағдарлама шарттарымен егжей-тегжейлі таныса аласыздар. Ал егер Банк кеңесшілеріне сұрақ қойғыңыз келсе, Сіз ұялы телефоныңыз арқылы 300 нөміріне қойырау шалуыңызға болады (қоңырау соғу тегін).


Кредит алу

  • Тиімді кредит алу үшін шарт сомасының 50%-ын ең азы 3 жыл ішінде тұрақты төлеп, қаржы жинақтау жеткілікті.

Бағалау көрсеткіші

Бағалау көрсеткіші – Сіздің қаржылық тәртібіңіздің коэффициенті.

Бұл көрсеткіштің мәні төлеміңіздің тұрақтылығы мен көлеміне байланысты. Осылайша, Сіз бұл көрсеткіштің мәніне ықпал ете аласыз.

Тұрғын үй кредиттін алу кезінде үміткерлерді іріктеуде бағалау көрсеткіші өте маңызды, өйткені бағалау көрсеткіші көп адамға басымдылық береді.  
 

Есептеу формуласы.
Әркім бағалау көрсеткішінің мәнін дербес есептей алады.  Бұл үшін салым сомасына есептелген Банк сыйақысын және шарттық соманы білу қажет, сосын мына формула бойынша есептеу керек:   

Бағалау көрсеткіші = салым сомасына есептелген сыйақы

                                                     Шарт бойынша шарттық сома/1000

Жинақтау неғұрлым көп болса, Банк сыйақысы мен бағалау көрсеткішінің мәні соғұрлым жоғары болады.


Шот мәліметтері

Банк клиенттері үшін біздің сайтымызда Жеке кабинет бөлімі жұмыс жасайды.   


Жеке кабинетте клиент шот үзіндісін, есептелінген сыйақыны, сондай-ақ бағалау көрсеткішінің деректі мәнін қарай алады.