Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Ықыласты клиенттер клубы

Ықыласты клиенттер клубы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ынталандыру жүйесі

Ықыласты клиенттер клубына қалай қатысуға болады?

Ол үшін сіз бар болғаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашыңыз және әр айда депозитті тұрғын үй жинақ келісімінде көрсетілген сомаға немесе артық төлеммен толықтырыңыз.

Ықыласты клиенттер клубының қатысушылары не ұтады?

Қаражатты бір жыл депозитте жинақтау:

Шарттары

Депозит ашылған күннен бастап 12 ай ішінде ұсынылған сомаға және одан артық сомаға депозитті ай сайын толтыру

Бонус

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен сыйлық + серіктестерден мерзімді ЖЕҢІЛДІК (белгілі бір уақытқа дейін жарамды)

Қаражатты екі жыл депозитте жинақтау:

Шарттары

Депозит ашылған күннен бастап 24 ай ішінде ұсынылған сомаға және одан артық сомаға депозитті ай сайын толтыру

Бонус

Серіктестерден мерзімді жеңілдік

Қаражатты үш жыл депозитте жинақтау:

Шарттары

Депозит ашылған күннен бастап 36 ай ішінде ұсынылған сомаға және одан артық сомаға депозитті ай сайын толтыру

Бонус

Серіктестерден мерзімді жеңілдік

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қалай сыйлық алуға болады?

Сіз Банк филиалының мекен-жайы мен мерзімі көрсетілген SMS-хабарлама аласыз. Сол мерзім ішінде Банк бөлімшесіне келіп, электрондық кезектің талонын алмай-ақ, зал әкімшісіне хабарласып, сыйлығыңызды алуыңызға болады.

Жеңілдікті қалай қолданған дұрыс?

  • Депозит ашқаныңызға толық бір жыл өткеннен кейін сізге өзіміз SMS-хабарлама жібереміз. Онда ЖЕҢІЛДІК КОДЫ және осы кодпен жеңілдік алатын серіктес компания атауы көрсетіледі.
  • Жеңілдікті активтендіру үшін сіз компанияның дүкеніне хабарласып, СМС арқылы алған жеңілдік кодын көрсету арқылы белгілі бір тауар түріне жеңілдік ала аласыз.
  • Жеңілдікпен алуға болатын тауар түрлерін серіктес компания өзі белгілейді. Сондықтан, осы ақпаратты нақтылау үшін сіз серіктес компания дүкендеріне хабарлассаңыз болады.
  • Сіз ЖЕҢІЛДІК КОДЫН біздің Серіктестеріміздің дүкендерінен жеңілдікпен тауар ала алуы үшін өзге тұлғаларға (достар, туысқандар) да ұсына аласыз.
ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз