Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Стратегия

Банктің даму стратегиясы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі даму стратегиясы (әрі қарай - Даму стратегиясы) Қазақстан Республикасының 31.08.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» №2444  заңына, Қазақстан Республикасының  7.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» №110 – II заңына, Қазақстан Республикасының  және  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (әрі қарай- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің Директорлар кеңесінің 22.12.2017 жылғы шешімімен (отырыстың №17 хаттамасы) бекітілген Жарғыға және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес дайындалған. 

Даму стратегиясы бекітілгеннен бастап  бұрыннан қолданыстағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның 2014-2023 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы өз күшін жойды. Банктің стратегиясын өзектендірудің қажеттілігі  келесі себептермен шартталған:

1)  Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу:Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №1030 Жарғысымен бекітілген

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы;

2)  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын өзектендіру  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы №331 қаулысымен бекітілген);

3)  Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін анықтау;  

4)  Банктің әрі қарайғы қызметіндегі клиентке бағдарланған, соның ішінде, клиенттерге қызмет көрсету сапасына екпін, сонымен қатар нарық жағдаятының өзгерістерін есепке ала отырып, агенттік желі, онлайн және  cross-selling арқылы өнімдерді өткізу;

5)  2014 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезең аралығында қол жеткізген нәтижелерді есепке ала отырып, Банк дамуының ұзақмерзімді көрсеткіштерін және бағыттарын анықтау.

Даму стратегиясын әзірлеген кезде келесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар есепке алынды:

1)  Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

2)  Қазақстан Республикасының 2018-2022  жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық  даму болжамы;

3)  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары;

4)  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы;

5)  Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы;

6)  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы. 

Даму стратегиясы  мазмұнының құрылымы және форматы жағынан даму стратегиясын әзірлеу бойынша мемлекеттік және халықаралық әдістемелік ұсынымдарға,сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының даму стратегиясын әзірлеу, келісу, бекіту,бақылау және өзектендіру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес келеді.Сонымен қатар, Банктің өзектендірілген Даму стратегиясы құрылғанға дейін  қазақстандық және ресейлік ірі банктердің қолжетімді стратегиялық құжаттары зерттелді.  

Миссия

Банктің миссиясы Банктің неге бағытталғанын, жайғасымдылығын көрсетеді және қоғам үшін де, тұтас алғанда, мемлекет үшін де Банк қызметінің стратегиялық мәнін белгілейді. Банктің миссиясы:

"Қазақстандық отбасыларды өз баспаналарымен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімді нығайту".

Көрінісі

Банктің осы көрінісі  бизнестің  даму бағытын және оның ұзақ мерзімді келешекте күтілетін  жағдайын көрсетеді:

"Біз 2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар,  тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаларын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына белсенді түрде қатысатын, халықтың кең ауқымын баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін   банк".

Стратегиялық мақсаты

2023 жылдың соңына стратегиялық мақсаттар:

- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың  үлесін экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың  17%-на дейін арттыру;

- ипотекалық кредит беру нарығындағы үлесті 36%-ға дейін арттыру;

- Озат технологияларды іске қосу және Банк қызметін автоматтандыру арқылы клиенттерге online қызмет көрсету бойынша операциялардың 70%-ын аудару.

Банктің  өз миссиясын іске асыру аясында шешетін негізгі міндеттері:

1 міндеті

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің халық арасында кеңінен таралуы, сыртқы нарыққа шығуы;

2 міндеті

Банк өнімдерін, соның ішінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру  аясында  ұдайы жетілдіру;

3 міндеті.

Жоғары білікті мамандардың сапалы қызмет көрсетуі арқылы халықты кең қамтуы.


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ



ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Подписаться

Суреттегі кодты енгізіңіз