Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Акционерлер үшін ақпарат

Акционерлерге  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2013ж. № 516 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шаралары туралы», 22.05.2013ж. № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландырудың және ұлттық экономиканы дамытудың бірқатар шаралары туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 23.08.2013ж. № 628 бұйрығына сәйкес, Банктің қарапайым акциялары «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамына  орналастырылатын акциялардың төлеміне берілді.


28.08.2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) қарапайым акциялары  010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 10 үй, тел. 7 (717) 2 798457 мекенжайында орналасқан «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының меншігінде, БСН 130540020197.

I. Акциялар туралы мәлімет:

1.     Эмитенттің толық атауы және орналасқан жері:

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91.

2. Орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздардың, олардың түрінің    шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және саны:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 5060 Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігі.
  • Шығарылым KZ1C50600010 ұлттық бірегейлендіру нөмірін иеленген 7 830 000 (Жеті миллион сегіз жүз отыз мың) данаға бөлінді. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5060 нөмірімен енгізілді. 
  • 2011 жылғы 04 мамырдағы  жағдай бойынша төленген 78 300 000 000  (жетпіс сегіз миллиард үш жүз миллион) теңге жарғылық капитал жағдайында 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) жай акциялар төленді.

3. Акциялар шығарылымы проспектісімен және олар туралы өзге ақпараттармен танысу мүмкін болатын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бөлімшелері және лауазымды тұлғалары туралы мәлімет:
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91, Қазынашылық департаментінің директоры, телефон: 8 (727) 279-48-29.

4. Акцияларды орналастыру құны және олардың төлемдері туралы мәлімет:

1) жарияланған акциялар саны, түрі:

  • қарапайым акциялар — 7 830 000 дана.
  • артықшылықты акциялар — 0 дана.

 

2) бір қарапайым акцияның атаулы құны — 10 000,00 теңге
3) акциялар артықшылықты сатып алу құқығымен Банктің Жалғыз акционеріне орналастырылды.

5. Тіркеуші туралы мәлімет:

·         «Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамы

·         Заңды мекенжайы — 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 141, тел.: 8 (727) 272-69-40, 272-69-90

·         «Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 171 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 01.12.2011 жылғы № 1 шешімімен құрылды.

·         13.08.2012 жылғы № 00039-АҚ Шарты

II. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

облигациялардың түрі   Қамсыздандырусыз купондық облигациялар
бір облигацияның номиналдық құны 1 000 (бір мың) теңге.
облигациялар саны  40 000 000 (қырық миллион) дана
облигациялар шығарылымының жалпы көлемі  40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге.
облигациялар бойынша сыйақы:  
облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі) Купондық сыйақының жылдық мөлшерлемесі,

«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ішкі ережелеріне сәйкес жүргізілетін Облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші мамандандырылған сауда-саттықты (бұдан әрі – «Өткізілген бірінші сауда-саттық») өткізу қорытындысы бойынша Эмитент тарапынан сатып алушының кем дегенде 1 (бір) өтінімі, бірақ ең көбі жылдық 10,5% қанағаттандырылатын мөлшерлеме ретінде айқындалатын болады.

Облигациялардың айналысының басталатын күні туралы және Өткізілген бірінші сауда-саттықтың қорытындысы бойынша белгіленген купондық сыйақының жылдық мөлшерлемесінің мөлшері туралы ақпарат Эмитент тарапынан Эмитенттің (www.hcsbk.kz) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (www.kase.kz) корпоративтік сайтында жарияланады.

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі Облигациялардың бүкіл айналыс мерзімінде тиянақталған болып табылады.

облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталатын күн Облигациялар бойынша сыйақының есептелуі, облигациялардың айналысы басталған күннен бастап жүзеге асырылады.Сыйақы Облигациялар айналысының барлық кезеңі ішінде есептеледі және Облигациялар айналысының соңғы күнінде аяқталады.
сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша
сыйақы төлеу күні
Облигацияның бүкіл айналыс мерзімі ішінде Облигациялардың айналысы басталған күннен бастап әр 6 (алты) ай сайын жылына 2 (екі) рет

Облигациялар бойынша сыйақы төленеді.

Сыйақы, оны алуға құқылы болып табылатын және төленетін кезеңнің соңғы күнінің басында Эмитенттің бағалы қағаздарының ұстаушылары тізілімінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға төленеді (Эмитенттің тіркеушісі орналасқан жердегі уақыт бойынша) (бұдан әрі - Тиянақталған күні).
облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі Сыйақы төлеу Тиянақтау күнінен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде Тиянақтау күнінде Облигациялардың ұстаушылары тізілімінде тіркелген Облигация ұстаушыларының ағымдағы шоттарына ақша (теңгеде) аудару арқылы жүзеге асырылады.

Төлеу күні төленетін сыйақы, купондық сыйақының жарты жылдық мөлшерлемесіне қатысты атаулы құнның туындысы ретінде есептеледі. Үтірден кейінгі таңбалардың саны және дөңгелектеу әдісі «Қазақстан қор биржасы» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес белгіленеді.

Сыйақының соңғы төлемі, облигациялар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеумен бір уақытта жүзеге асырылады.

облигациялар бойынша сыйақыны есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі Облигациялар бойынша сыйақы төлеу барлық айналыс мерзімі бойы жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн уақытша базаның есебінен жүзеге асырылатын болады.

номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы Барлық төлемдер (сыйақыны және негізгі қарыз сомасын төлеу) Эмитент тарапынан қолма-қол ақшасыз тәртіпте, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (теңге) жүзеге асырылады.

Облигация ұстаушысы Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасы болып табылса, Облигациялар бойынша сыйақыны төлеу, Облигация ұстаушысының Қазақстан Республикасының аумағында теңгедегі банк шоты болған кезде теңгеде жүзеге асырылатын болады.

Төлемді жүзеге асырған кезде теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Эмитент төлем жүзеге асырылған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Облигация ұстаушысынан - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасынан тиісті жазбаша өтінішті алған кезде рұқсат етіледі. Аталған айырбас, төлем жүзеге асырылатын күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан белгіленген бағам бойынша жүргізіледі. Теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Облигация ұстаушысының - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасының есебінен жүзеге асырылады.

 

Облигациялар бойынша төлемді Облигация

ұстаушысының - Қазақстан Республикасының резидентінің пайдасына жүзеге асырған кезде теңгені өзге валютаға (АҚШ Доллар мен Евродан басқа) айырбастау рұқсат етілмейді.

Эмитенттің айырбас кезінде туындайтын шығындары, Облигациялардың ұстаушысы – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасына есептелуі тиіс сомадан шегерілетін болады.
облигацияларды орналастыруды бастау күні және аяқтау күні Облигацияларды орналастырудың басталатын және аяқталатын күні, сәйкесінше, Облигациялар айналысының басталатын күні және Облигациялардың айналысы кезеңінің соңғы күні болып саналады.
облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі Облигациялардың айналысының басталатын күні, Облигациялар шығарылымы проспектісінің шарттарына сәйкес болған бірінші сауда-саттықтың өткізілген күні болып табылады.
Облигациялардың айналыс мерзімі – Облигациялардың айналысы басталған күннен бастап 7 (жеті) жыл.
облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы) Облигациялардың айналысы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
нарықтарында жоспарланады.
орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі Осы шығарылымның Облигациялары ақшалай төленетін болады.
облигацияларды өтеу тәртібі:  
облигацияларды өтеу күні: Тиянақтау күнінен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде.
облигацияларды өтеу талаптары Облигациялар, Тиянақтау күніндегі жағдай бойынша Облигация ұстаушыларының тізілімінде тіркелген облигация ұстаушыларының ағымдағы шоттарына ақша (теңгеде) аудару арқылы, Тиянақтау күнінен кейінге күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде купондық сыйақыны бір уақытта төлеумен Облигациялардың атаулы құны бойынша өтеледі.

Төлемді жүзеге асырған кезде теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Эмитент төлем жүзеге асырылған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Облигация ұстаушысынан - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасынан тиісті жазбаша өтінішті алған кезде рұқсат етіледі. Аталған айырбас, төлем жүзеге асырылатын күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан белгіленген бағам бойынша жүргізіледі. Теңгені АҚШ доллары немесе Еуро айырбастау ресімі, Облигация ұстаушысының - Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасының есебінен жүзеге асырылады.

Облигациялар бойынша төлемді Облигация

ұстаушысының - Қазақстан Республикасының резидентінің пайдасына жүзеге асырған кезде теңгені өзге валютаға (АҚШ Доллар мен Евродан басқа) айырбастау рұқсат етілмейді.

Эмитенттің айырбас кезінде туындайтын шығындары, Облигациялардың ұстаушысы – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасына есептелуі тиіс сомадан шегерілетін болады.

Облигациялар өтелетін орын: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, Алматы қ-сы, Алмалы ауданы, Абылай хан д-лы 91
облигацияларды өтеу тәсілі: Негізгі қарыз сомасын өтеу және соңғы купондық сыйақыны төлеу, Облигация ұстаушылары тізілімінің деректеріне сәйкес Облигация ұстаушыларының ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпараты  2017 жылғы 12 желтоқсандағы облигациялар

KZP01Y07F668 (KZ2C00004133);

1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 7 жыл,

жарты жылдық купон  Облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші мамандандырылған сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;

(30/360)  "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) негізгі алаңның «облигациялар» санаты бойынша KASE  ресми тізіміне қосылған.
көрсетілген облигацияларды ұстаушылардың өкілі  "Сентрас Секьюритиз"  АҚ (Алматы).
толығырақ ақпарат сайтта  http://www.kase.kz/ru/emitters/show/jsbn


Таза кірісін бөлу тәртібі

  • 2016 жылғы таза табысты бөлу

         «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 26.04.2017 жылғы № 19/17 отырысының хаттамасы) 2016 жылғы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылданды:

      1. 2016 жылғы қаржы жылында алынған 22 596 429 064 (жиырма екі миллиард бес жүз тоқсан алты миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың алпыс төрт) теңге 95 тиын көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ.,91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ30125KZT1001300369, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404): 

1) таза кірістің 6 778 928 719 (алты миллиард жеті жүз жетпіс сегіз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың жеті жүз он тоғыз) теңге 49 тиын көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;

2) таза кірістің қалған 15 817 500 345 (он бес миллиард сегіз жүз он жеті миллион бес жүз мың үш жүз қырық бес) теңге 46 тиыны Банктің иелігінде қалдырылсын.

     2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 865 (сегіз жүз алпыс бес) теңге 76 тиын болып бекітілсін.

  • 2015 жылғы таза табысты бөлу

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасы жылдық қаржылық есептілікті бекіту және жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ әрекетіне Жалғыз  акционердің сұрау салуы туралы ақпаратын мағлұмат ретінде қабылдау және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі жөніндегі мәселе бойынша шешім (10.03. 2016 жылғы Басқарма отырысының № 09/16 хаттамасы) қабылдады:      

     1) 2015 жылғы Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер Жалғыз акционерге төленбесін және 2015 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша түскен 15 232 242 264 (он бес миллиард екі жүз отыз екі миллион екі жүз қырық екі мың екі жүз алпыс төрт) теңге көлеміндегі таза табыс Банк қарамағына қалдырылсын.

  • 2014 жылғы таза кірісті бөлу
2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 19.05.2015 жылғы отырысының № 17/15 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014 жылғы 11 553 289 727 теңге (он бір миллиард бес жүз елу үш миллион екі жүз сексен тоғыз мың жеті жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 7 166 094 300 теңгесі (жеті миллиард бір жүз алпыс алты миллион тоқсан төрт мың үш жүз теңге) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 387 195 427 теңге (төрт миллиард үш жүз сексен жеті миллион бір жүз тоқсан бес мың төрт жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ билігіне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 915 (тоғыз жүз он бес) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде бекітілсін.

  • 2013 жылғы таза кірісті бөлу
2013 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 29.05.2014 жылғы отырысының № 18/14 хаттамасы) қабылдады:

1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 5 997 096 335,13 теңге (бес миллиард тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоқсан алты мың үш жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 1 799 177 400,00 теңгесі (бір миллиард жеті жүз тоқсан тоғыз миллион жүз жетпіс жеті мың төрт жүз теңге 00 тиын) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 197 918 935, 13 теңге (төрт миллиард жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың тоғыз жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкіміне қалдырылсын.

2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 229,78 теңге (екі жүз жиырма тоғыз теңге 78 тиын) мөлшерінде бекітілсін.


  • 2012 жылғы таза кірісті бөлу
«Байтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім қабылдады («2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу және „Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі“ акционерлік қоғамының бір қарапайым акциясына деген есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе бойынша Басқарманың 29.07.2013 жылғы отырысының № 02/13 хаттамасы):
1) 2 041 836 603,43 теңге (екі миллиард қырық бір миллион сегіз жүз отыз алты мың алты жүз үш теңге 43 тиын) сомасындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— 611 979 668,29 теңге (алты жүз он бір миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың алты жүз алпыс сегіз теңге 29 тиын) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші-деңгейлі банктердің резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» 28.08.2009 жылғы № 196 қаулысының талабы негізінде резервтік капиталды қалыптастыруға жұмсалсын;
— 714 879 000,00 теңге (жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың теңге 00 тиын) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсалсын;
-714 977 935,14 теңге (жеті жүз он төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз отыз бес теңге 14 тиын) әрі қарай даму үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқаруына қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір қарапайым акциясына деген есеппен 91,30 теңге (тоқсан бір теңге 30 тиын) дивиденд мөлшері бекітілсін.