Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тарих

  • 2000

  • 2003

  • 2004

  • 2005

  • 2006

  • 2007

  • 2008

  • 2009

  • 2010

  • 2011

  • 2012

  • 2013

  • 2015

2015

Жыл бойында

  • «Өңірлерді дамыту - 2020»  Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы.
  • ТҚЖ жүйесінің жаңа 225 мың қатысушыларын қатыстыруы.
  • Банктің орталық аппаратының және филиалдарының қызметтеріне уәкілетті органдармен 9 сыртқы тексеріс  өткізуі (ҚР ҰБ, Салық комитеті, Қызылорда облысы бойынша еңбек саласындағы Бақылау басқармасы ММ, ҚР ҚМ ҚБК Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы (Прокуратура органдары және т.б.)
  • Банктің сыртқы сайтындағы ақпараттарды  ҚР 16.11.2015ж. №401–V «Ақпараттарға рұқсат»   Заңына сәйкес ашықтық және қолжетімділік талаптарына сәйкес келтіруі.
  • 2015 жылғы 28 шілдедегі Банк пен Баушпаркассе Швебишь Халль құрылыс жинақ кассасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға және құпия ақпараттарды жарияламау туралы Келісімге  қол қоюы.

Клиенттер үшін Банк өнімдерін өткізу  және қызмет көрсетуін жақсарту жүйесі:

  • «Kaspi Bank» АҚ-мен  kaspi.kz интернет-ресурсында төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсету туралы Шарт жасалды.
  • 1000-нан 0-теңгеге дейін жинақ, несие шотының жағдайы туралы анықтамаларды, несие қарызының болуы/болмауы және басқа да анықтамаларды беру үшін комиссия көлемі төмендетілді.
  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пұлын құру рәсімдерін оңайлату, комиссияларды қолдану қалыпқа кіретін кейбір мәселелер бойынша Банктің ішкі құжаттарға өзгеріс енгізуі.
  • Банктің төлем терминалдарына клиенттің ЖСН енгізу арқылы салым/ай сайынғы төлемдер енгізу қызметі іске асырылды.
  • Клиенттердің Банктің веб-сайтында кезекті электронды брондау мүмкіндігі іске асырылды.
  • Банктің веб-сайтындағы жеке кабинетіндегі қолданушылар үшін жаңа «кез-келген Банктің картасымен депозит толтыру, кредит өтеу» қызметі қолжетімді.
  • Төлемдер комиссиясыз нақты уақыт режимінде клиенттердің шотына түседі.
  • «Pay Point»  ЖСС  «Эксимбанк» АҚ-мен     Pay Point  электронды ақша жүйесінде өзара іс-қимыл туралы шарт жасалды. Оның аясында «Pay Point»  ЖСС  450 терминалы мен 50 кассалық желілері арқылы   Банктің есебінен төлемдер қабылданатын болады. Клиенттер үшін төлем қабылдау тегін болады. Өйткені «Эксимбанк» АҚ комиссиясы Банк қаражаты есебінен төленеді.
  • 1-9 трилиион теңгеден аса шарттық сомаға жету.

Сертификаттау:

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігінің расталуы.

Халықаралық ұйымдармен мүшелігі:

  • Еуропалық құрылыс жинақ кассасы федерациясы .
  • Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағы.

Банк акционерлері:

2013 жылғы тамыз айынан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның қазіргі уақытқа дейінгі жалғыз акционері   «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

2013

Жыл бойында:

  • Банк 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты.

Сертификация, рейтингтер:

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі депозиттер бойынша Ba1/ Notprimeдеңгейінде ұлттық валютада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді Банк рейтингін растады.
  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды

Банк өнімін өткізу жүйесі:

  • 7 клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды ( Астана қ. 2 ҚО, Өскемен қ. 2 ҚО, Шымкент, Жаңаөзен, Теміртау қ.).
  • Банктің аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында және сауда үйлерінде 19 төлем терминалы пайдалануға енгізілді.
  • Жеке Байланыс орталығы пайдалануға берілді.

Банк акционері:

  • 2003 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Жалғыз акционері –  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі».

2012

Жыл бойында:

  • Банк 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты.

Сертификация, рейтингтер:

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Ba1/ Notprimeдеңгейінде ұлттық валютада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді Банк рейтингін растады.
  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды

Марапаттау және жетістік:

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның негізгі көрсеткіштері бойынша «Эрнст энд Янг» компаниясы «банк қызметкерлерінің күшімен енгізілген жүйе жұмысы жоғары деңгейде» деп бағалады.
  • СарапшыРА «2011 жылдың ең жақсы жылдық есептері»  байқауында Банкке «Қаржы саласындағы ең жақсы жылдық есеп» номинациясында Номинант дипломы тапсырылды.

Банк өнімдері:

  • Негізгі қарыздың 50% өтеуді кейінге шегеруді қарастыратын «Жеңіл 2» жаңа кредиттік өнімдер енгізілді.
  • Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары, соның ішінде 1.01.13 жылдан бастап қолданылған республикалық бюджет қаржысы есебінен, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін заемдар бойынша комиссия көлемдері мен сыйақы мөлшерлемелері төмендетілді. 

Банк өнімін өткізу жүйесі:

  • Ақтөбе, Өскемен, Астана, Қарағанды, Екібастұз қалаларында 5 клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. 
  • Банктің аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында алғашқы 35 төлем терминалы пайдалануға енгізілді.

Банк акционерлері:

  • 28.03.13ж. бастапҚазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігіне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілді.

2011

  • ҚР Үкіметінің 30.03. 2011ж.  №295 қаулысын орындау үшін, Банк акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріледі.
  • 13.04.2011ж. бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Банктің жалғыз акционері болып табылады.
  • ҚР Президентінің 2011 жылдың 10 тамызындағы №136Жарлығын орындау үшін. ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 23 қазанындағы №1224қаулысына сәйкес, заңнамада бекітілген тәртіпте, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚакциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілді.
  • 2011 жылдың 23 қазанынан бастап ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Банктің жалғыз акционері болды.

2010

Жыл бойы:

  • Банк 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк 2009- 2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк 2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;
  • Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы және өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасай бастады.
  • Банк 2008-2010 МБ жүзеге асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қойды
  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды
  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Ba1/ Notprimeдеңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді Банк рейтингін бекітті
  • Мемлекет басшысының 29.01.2010ж. «Қазақстанның Жаңа онжылдығы – жаңа экономикалық өрлеуі – Жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында жергілікті атқару органдарымен ниеттестік туралы  келісімдерге қол қоя бастады
  • Банк клиенттері үшін кредит беру талаптары жақсартылды
  • Банктің ұйымдастырушылық құрылымы қайта ұйымдастырылды
  • Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтары ашылды
  • Банкте тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және ендіру (KPI) жұмыстары басталды
  • ТҚЖ қатысушыларының саны 200 мың адамға жетті
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау шаралары бағдарламасының қолдану мерзімі ұзартылды
  • 2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті атқару органдарымен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
  • Банк активтері 100 млрд. теңгеге жетті

Өңірлік құрылымдардың дамуы: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қ. 3 қызмет көрсету орталығы

2009

  • 2009- 2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
  • Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасы іске қосылды.
  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Baa3/P-3 деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банк рейтингін растады.
  • 20 тамыздан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Банктің Жалғыз акционері болып табылды.
  • «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастық әрекет пен дамуда Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдау ISO 9001:2008 стандартына сәйкес екенін растады.
  • Банк теңгерімделген көрсеткіштер жүйесін енгізе бастады.
  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 19 филиал.

2008

  • 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында бірінші рет заем берілді.
  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі  Банк рейтингтерін растады.
  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 17 филиал.

2007

  • 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында бірінші тұрғын үй заемы берілді.
  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Банкке қаржы агенті мәртебесін берді. Бұл Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысуға құқық береді.
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қазақстандық банктердің ішінен бірінші болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. 
  •  ҚР «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның аясында:
  • «25/75» жинақтау сызбасы алынып тасталды
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді
  • ҚР «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» атты жаңа тарифтік бағдарламалар енгізілді.
  • «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен Бас келісім қайта жасалды.
  • Банк 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының операторларының бірі болды.
  • «Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызмет көрсету туралы шарт жасалды.
  • Банк «алдын ала тұрғын үй заемы» атты жаңа қызмет көрсетуді енгізді.
  • Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша бірінші рет алдын ала тұрғын үй заемы берілді.
  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі  Банкке «Ваa2» ұлттық валютадағы  депозит бойынша  ұзақ мерзімді рейтингін,«Рrime-2» ұлттық валютадағы депозит бойынша қысқа мерзімді рейтингін, «Е+» банктің қаржылық тұрақтылық рейтингін  (BFSR) берді. Барлық рейтинг бойынша болжам – «тұрақты».
  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 16 филиал. 

2006

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғашқы рет Банк қызметінің шығынсыз көрсеткішіне жетті. 
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасында қосымша Агенттік келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошта байланысының облыстық және аудандық торабында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарт жасау бойынша агенттік қызмет көрсетеді.
  • Банк «Жеңіл» атты кредит берудің жаңа бағдарламасын енгізді.
  • Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша бірінші мәрте негізгі тұрғын үй заемын берді.
  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 15 филиал. 

2005

  • Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемы берілді.
  • Сәуір айында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасына ынталандырылатын мемлекет сыйлықақысы 60-тен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңына өзгеріс енгізілді. 
  • «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А», «50/50Б», «50/50 В» жаңа тарифтік бағдарламалары енгізілді.
  •  2005-2007 жылға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында Банк алғашқы заем берді.
  • Қазан айында Банк «Экспонедвижимость» көрмесінде «Жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңашыл идеяларды ілгерілеткені үшін» номинациясы бойынша марапатталды.
  •  Банк № 254 ұлттық және шетелдік валюталарда банктер жүзеге асыратын банктік және басқа да операцияларды жүргізуге және клиенттер шотын жүргізу құқығынсыз құнды қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға лицензия алды.
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-ның мүшесі болып қабылданды.
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
  • Өңірлік құрылымдарды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ

2004

  • 19 наурызда Қазақстан Президентінің «Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа қарай» атты  Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа мемлекеттік саясат баяндалды. Осыған сәйкес халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ететінтұрғын үй құрылысы дамуының мәселелерін кешенді түрде шешу үшін, Президенттің 2004 жылдың 11 маусымындағы № 1388 «2005-2007 жылғы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты.
  • 28 маусымында №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шарасының жоспары бекітілді.
  • 2004 жылдың 13 желтоқсанындағы № 11-III ҚР Заңымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгеріс енгізілді. Осыған сәйкес ҚР аумағында үй жөндеуге, құрылысқа немесе баспана алуға тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде заңды тұлға – ҚР резиденті алған тұрғын үй заемы бойынша сыйақы өтеуге бағытталған сома салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылды.
  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ

2003

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» 2003 жылдың 16 сәуіріндегі №364 қаулысы негізінде,тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру, көтеру және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту мақсатында,  мемлекеттің жарғылық капиталда 100%қатысуы арқылы«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды.
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Банктің Құрылтайшысы және Акционері болды.
  • Банк бірінші рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады. 

2000

  • 2000 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің енгізілуінің басы болды.