Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің 4 бағыты бар:             

1)   Адал іскерлік тәжірибе: қоғамның игілігі мақсатында қызметті дамыту, қызметті дамытудың әлеуметтік және экологиялық шығындарын барынша азайту, жұмыс орындарының тиімділігін арттыру;

2)   Қызметкерлердің дамуы: жоғары білікті мамандарды тарту, ең озық тәжірибелерді пайдалану, қызметкерлердің дамуына инвестициялар арқылы қуатын іске асыру үшін мүмкіндік жасау;

3)   Қоршаған ортаны қорғау: қоршаған ортаға барынша ұқыпты және ұтымды қатынас қағидаларын ұстану;

4)   Қайырымдылықты және демеушілікті ынталандыру: қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру, қайырымдылық шараларына жеке үлес қосуды ынталандыру.

КӘЖ стратегиясының мақсаты – КӘЖ саласындағы жобаларды басқаруда Банк ұстанатын негізгі қағидалар мен басымдылықтарды орнату.


КЭЖ қағидалары:

1)   Банктің миссиясын, ортақ құндылықтары мен келешегін ұстану;

2)   Банктің жоғары кәсіби ұжымы негізінде сапалы қызмет көрсету;

3)   Тұлғаның намысы мен абыройына және оның құқықтарына құрметпен қарау;

4)   Мүдделі тараптармен  қатынаста адалдық және өзара құрмет;

5)   Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде теңгерімді тәсіл;

6)   Жасаған әрекеттердің заңдылығы және оның салдарлары үшін жауапкершілік;

7)   Банк қызметкерлерінің денсаулығын сақтау;

8)   Мүдделі тараптармен өзара қатынас үшін ашықтық.

Стратегиялар қағидаларын сақтау корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және Банктің барлық қызметкерлері үшін міндетті. 

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Подписаться

Суреттегі кодты енгізіңіз