Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Комитеттер

Директорлар Кеңесіне есеп беруге міндетті комитеттер.

Директор Кеңесіне есеп беруге міндетті 4 комитет әрекет етеді:

1.    Аудит жөніндегі комитет;
2.    Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет;
3.    Кадр, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет;
4.    Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитет.

Директорлар Кеңесінің аудит жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу мақсатында құрылған. Комитет Банктің қаржы есептілігін әзірлеуді және Банктің қаржылық есептілігінің сенімділігін және толықтығын қамтамасыз етуді бақылайды, ішкі және сыртқы аудиттің тәуелсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді.

Директорлар Кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу, қызметтің басымдылық берілген бағыттарын және стратегиялық мақсаттарды жасау мәселелері, сондай-ақ Банк қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.  

Директорлар Кеңесінің Кадр, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар Кеңесінің бақылау қызметтерінің тиімді орындалуына жәрдемдесу, кадр саясаты мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау, тағайындауы Банктің Директорлар Кеңесінің құзырына жататын Банктің жетекшілік ететін қызметтерлерінің, Банк қызметкерлерін тағайындау, сыйақы беру мақсатында, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша Банктің басқару тиімділігін арттыру үшін  құрылған.

Директорлар Кеңесінің Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеті

Комитет Банктің Директорлар кеңесінің бақылау функцияларының тиімді орындалуына атсалысу және ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған, тәуекелдерді сенімді әрі тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ішкі бақылау мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетеді және қызметті үйлестіреді.




Банк Басқармасына есеп беруге міндетті комитеттер.

Банкте Банк Басқармасына есеп беруге міндетті  8 комитет жұмыс істейді:

Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет

Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет (бұдан әрі – СКДК) қызметінің негізгі мақсаты – Банк дамуының стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру.

СКДК негізгі міндеттері:

-     Стратегиялық қағидаттарды, даму мақсаттарын және Банк шараларын анықтау;

-     Банк дамуының стратегиялық жоспарын орындауды үйлестіру және бақылау;

Банктің қолданыстағы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет

АПБК міндеттері:

-     Ішкі және сыртқы нарықта инвестиция және қарыз ережелері мен рәсімдерін анықтау, қаржы құралдарымен операция жасау;

Ережеде және Банктің басқа да ішкі құжаттарында анықталған өкілеттік шеңберінде, кредит беру мақсатында Банктің активтерін, өтімділігін, табыстылығын, Банк қаражатының жеткіліктілігін әртараптандыру бойынша бағдарларды (эталонды қоржын)   анықтау.

Банктік өнімдер және үдерістер жөніндегі комитет

БӨҮК негізгі міндеттері:

-     Банктік операциялар өткізуге мөлшерлемелер мен тарифтерді, депозит пен кредит бойынша сыйақының шекті көлемін, қабылданатын депозиттер мен берілетін кредиттердің шекті сомасы мен мерзімдерін қарау және мақұлдау;  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Директорлар кеңесінің бекітуін талап етпейтін тарифтік бағдарламаларға және кредит беруге қызмет көрсету талаптарын бекіту;

Қолданыстағы үдерістер мен рәсімдерді оңтайландыру бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Банк бөлімшелері мен қызметкерлерінің ұсыныстарын қарау және мақұлдау.

Кредиттік комитет

КК негізгі міндеттері мынадай банктік операциялардан барынша табыс тапқан және қарыз тәуекелдерін барынша азайтқан жағдайда, өз өкілеттілігі аясында Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы ереженің ережелері мен АПБК шешімдерін жүзеге асыру болып табылады:  тұрғын үй заемдарын, аралық тұрғын үй заемдарын, алдын ала тұрғын үй заемдарын беру операциялары (бұдан әрі – кредит құралдары).

Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитет

АРК негізгі міндеттері – Банк Басқармасына ұсынымдар беру мақсатында ақпараттық құрылымдық және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Банктің жобаларын қарау.

Бюджеттік комиссия

БК негізгі міндеттері – Бюджет/ Шығыс және кіріс жобаларын, Инвестициялық жоспар және Сатып алу жоспарын/Банктің ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын жасаған кезде, Ұзақ мерзімді стратегияға және Банктің даму жоспарына сәйкес негізді шешім қабылдау үшін қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды қарау.

Негізгі құралдар, материалдық емес активтер және жатып қалған тауар-материалдық қор құнын анықтау және есептен шығару жөніндегі комиссия

НҚ МЕА ТМҚ комиссиясының негізгі міндеттері – мыналар бойынша мәселелерді қарастырып, шешім қабылдау:

-     Банктің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің нормативтік және пайдалы қызметінің құнын, мерзімдерін анықтау;

-     Банк мүлігінің істен шығуын реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Банк мүлігін есептен шығару;

-     Тәуелсіз бағалаушының қорытындысы негізінде Банктің Есепке алу саясатына сәйкес Банктің негізгі құралдарына (ғимарат, құрылыс) қайта бағалау өткізу;

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына сынақ жүргізу.

Кадр мәселесі жөніндегі комитет

Кадр мәселесі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

-     Банктің ішкі кадрлық саясатын жүзеге асыру;

-     Қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіру, соның ішінде даулы мәселелерді шешу кезінде;

-     Банктің кадрлық резервтерін қалыптастыру үшін кандидатураларын қарастыру;

-     Моральдық ынаталандыру үшін кандидаттарды қарастыру;

-     Іріктеу, штаттық орналастыру және кадрларды баулу жұмыстарын жақсарту туралы ұсыныстарды дайындап, Банк басшылығына ұсыну;

-     Банк қызметкерлерінің сандық штатын қысқарту кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығаруға байланысты мәселелерді қарастыру;

-     Қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауы мәселелерін қарастыру;

-     Еңбек тәртібін бұзу, сондай-ақ еңбек міндеттерін Банк қызметкерлерінің заңға қайшы келетін орындамауы және тиісінше орындамауы деректері бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарастыру, тәртіптік жаза қолдану ұсыныстарын әзірлеу;

-     Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін Банктің қарауы нәтижесінде табылған Банк қызметкерлері тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану және басқа да бұзушылықтар деректерін қарастыру;

-     Ішкі және сыртқы тексеру нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын, Банктің ішкі құжаттарының талаптарын бұзу деректерін қарастыру;

Банк филиалы директорларының, бөлімшелер жетекшілерінің ақпараты негізінде Банк қызметкерлері тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану және басқа да бұзушылықтар бойынша деректерді қарастыру.