Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар

"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасына кімдер қатыса алады?
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Обновлен 30.07.2021 17:49:34
Бағдарламаға "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, әкімдікте кезекте тұрғандар (ЖАО-да кезекте тұрғандар) қатыса алады.

2021 жылы өтініштер 1986-2021 жылдар аралығында тұрғын үйге кезекке тұрғандардан қабылданады.

84% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Кезекте тұрғанымды қалай растасам болады?
Кезекте тұрғанымды қалай растасам болады?
Обновлен 30.07.2021 17:53:45

Банк кезектілікті тексеруді Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жүргізетін болады. Қосымша құжаттар талап етілмейді.

Кезектілікті тексеруді Банк автоматты түрде кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы жүргізетін болады. Осыған байланысты, Сізден растайтын құжаттар талап етілмейді.
79% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мен тұрғын үй алу үшін әкімдікке кезекке тұрдым, бағдарламаға қатыса аламын ба?
Мен тұрғын үй алу үшін әкімдікке кезекке тұрдым, бағдарламаға қатыса аламын ба?
Обновлен 30.07.2021 17:54:38
Ия, егер Сіз бағдарламаның талаптарына сай болсаңыз, қатыса аласыз. 2021 жылы бағдарламаға 1986-2021 жылдар аралығында әкімдікке тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұрған кезекте тұрғандар қатыса алады.
82% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасының қатысушыларына қандай талаптар қойылады?
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасының қатысушыларына қандай талаптар қойылады?
Обновлен 31.07.2021 10:28:15
- әкімдікте тұрғын үй алуға кезекте тұру;
- отбасының жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 126 917 теңгеден (2021 жылғы ең төмен күнкөріс деңгейі 3,7) аспауы тиіс
82% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы туралы
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы туралы
Обновлен 02.08.2021 10:06:22
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы тұрғын үй сатып алуы үшін әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға кредит беруді көздейді.

2021 жылы 1986ж. бастап 2021ж. дейін  әкімдікте есепте тұрған кезекте тұрғандар тұрғын үйге мұқтаж жандар ретінде қатыса алады.

Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 5%;
Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;
Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін.
84% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Неге мен тізімде жоқпын, ЖАО-да кезекте тұрмын, неге өтінім бере алмаймын? Бұл мәселемен қайда жүгіне аламын?
Неге мен тізімде жоқпын, ЖАО-да кезекте тұрмын, неге өтінім бере алмаймын? Бұл мәселемен қайда жүгіне аламын?
Обновлен 30.07.2021 17:57:39

Қазіргі уақытта әкімдік кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесінде кезекте тұрғандар базасын құрып жатыр. Сіз базада болмасаңыз, мәртебеңізді тексеру немесе оны цифрландыру үшін әкімдікке жүгінуіңіз қажет.

2021 жылы 1986-2021 жылдар аралығында кезекке тұрғандар өтініш бере алады.
64% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Менің қайтыс болған жолдасым кезінде кезекке тұрған, мен оның орнына бағдарламаға қатыса аламын ба, үйім жоқ?
Менің қайтыс болған жолдасым кезінде кезекке тұрған, мен оның орнына бағдарламаға қатыса аламын ба, үйім жоқ?
Обновлен 30.07.2021 17:59:17
Бағдарламаға қатысу мұрагерлік құқығы кезектілікке ресімделген жағдайда мүмкін болады. Сонымен бірге, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, есепте тұрған азамат қайтыс болған жағдайда, егер, оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаған болса, кезектілік онымен бірге есепте тұрған отбасының қалған мүшелеріне сақталады.
55% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасына қатысу үшін қайда және қалай өтініш бере аламын?
«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасына қатысу үшін қайда және қалай өтініш бере аламын?
Обновлен 31.07.2021 10:43:27
1)  Өтініштер ағымдағы жылға бөлінген қаражат игерілгенге дейін қабылданады. Тез өту үшін мына сілтемеге өтіңіз.
2) Осы Бағдарламаның барлық талаптарымен танысып алғаннан кейін,  Сіз сол беттегі «ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ӨТІНІМ БЕРУ» батырмасын басуыңыз керек.
3) Әрі қарай, өтінім беруге арналған терезе пайда болады. ЖСН, телефон нөміріңізді енгізіп,  жеке ақпаратты жинауға және өңдеуге келісіміңізді бересіз.
4) Егер, Сіз жергілікті әкімдікте кезекте тұрсаңыз және 1986-2021 жылдар бойынша  өтініш қабылдау талаптарына сай болсаңыз, Сізге жеке басыңызды растауға арналған  СМС-код келеді. Кодты енгізгеннен кейін, Сіздің телефоныңызға өтініштің сәтті қабылданғаны туралы СМС хабарлама келеді.
83% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Өтінішімнің нәтижесі туралы маған қанша уақыт ішінде хабарлайды?
Өтінішімнің нәтижесі туралы маған қанша уақыт ішінде хабарлайды?
Обновлен 31.07.2021 12:26:27
Өтінім бергеннен кейін Банк қызметкерлері Сізге 5 жұмыс күні ішінде қоңырау шалып, Банк бөлімшесінде  төлемқабілеттілігіңізді бағалату үшін баратын уақытыңызды белгілеп береді.
72% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мен төлемқабілеттілігімді бағалату үшін Банкке қашан келуім керек?
Мен төлемқабілеттілігімді бағалату үшін Банкке қашан келуім керек?
Обновлен 02.08.2021 09:04:53
Банк қызметкері өтініш бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Сізбен хабарласады және Банк бөлімшесіне келу уақытын брондап қояды.

Төлемқабілеттілігіңізді бағалату үшін Банк филиалына тек белгіленген уақытта баруыңыз керек.
67% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Банкке қандай құжаттарды тапсыру керек?
Банкке қандай құжаттарды тапсыру керек?
Обновлен 02.08.2021 09:05:47

Банк бөлімшесіне белгіленген уақытта барған кезде, өзіңізбен:
- өтініш берушінің және жұбайының/зайыбының (бар болса) жеке куәлігін,
- неке қию/бұзу туралы куәлікті (болған жағдайда),
- балаларының туу туралы куәлігін (бар болса),
- соңғы 7 айдағы жалақы туралы анықтаманы ала баруыңыз керек.

Жұбайының/зайыбының болуы міндетті (бар болса).

76% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Табыс ретінде нелер қабылданады?
Табыс ретінде нелер қабылданады?
Обновлен 02.08.2021 09:06:26

Негізгі табыс ретінде еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін төмендегі  кіріс түрлері:
1)жалдамалы қызметкердің жалақысы;
2) кәсіпкерлердің табысы;
3) өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғаның (оның ішінде, Банк кеңес берушілері) табысы;
4) оқу орындарында оқитын, ұйым қызметкерлерінің стипендиясы қабылданады.

70% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Қосымша табыс ретінде нелер қабылданады?
Қосымша табыс ретінде нелер қабылданады?
Обновлен 02.08.2021 09:09:07

Егер, Сіздің негізгі табысыңыз жеткіліксіз болса,  есептеуге төмендегі қосымша кірістерді қоса аласыз:

  • Зейнетақы және зейнетақы аударымдары (негізгі кіріс болған жағдайда);
  • Экологиялық төлемдер;
  • Тұрғын үй төлемдері;
  • жәрдемақы:
    • Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын отбасы мүшелерінің мүгедектігі және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша алатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысы (тек үміткерлерге және үміткердің  қосалқы қарыз алушысы-жұбайы үшін);
    • Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын отбасы мүшелерінің мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақысы (тек үміткерлерге және үміткердің  қосалқы қарыз алушысы-жұбайы үшін);
    • "Алтын Алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр Ана" атағын алған, 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасыларға/ аналарға берілетін жәрдемақы;
    • жұмыс берушіден / сақтандыру компаниясынан өмір бойына/мерзімсіз тағайындалған жәрдемақы.

65% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мен кезекте тұрмын, жұмыс істемеймін, жұбайым өз табысын растай ала ма?
Мен кезекте тұрмын, жұмыс істемеймін, жұбайым өз табысын растай ала ма?
Обновлен 02.08.2021 09:09:40
Егер, Сіз жұмыс жасамасаңыз және табысыңыз болмаса, қосалқы қарыз алушы ретінде еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірісі бар күйеуіңізді/әйеліңізді, кәмелетке толған ұлыңызды/қызыңызды қызмет көрсету шарты бойынша тарттыра аласыз.
67% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мен жұмыс істемеймін, толық емес отбасымын, табысымды қалай дәлелдей аламын?
Мен жұмыс істемеймін, толық емес отбасымын, табысымды қалай дәлелдей аламын?
Обновлен 02.08.2021 09:10:26

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптардың бірі - еңбек, кәсіпкерлік қызметтен түсетін және/немесе өтеулі қызмет көрсету  шарты бойынша табысының болуы.

Егер, Сіз жұмыс жасамасаңыз және табысыңыз болмаса, онда, еңбек және/немесе бизнестен түсетін табысы  бар кәмелетке толған ұлыңызды/қызыңызды өтеулі қызмет көрсету  шарты бойынша қосалқы қарыз алушы ретінде тарттыра аласыз.

Негізгі табыс ретінде:
- жалақы;
- ЖК-дан түсетін кірістер;
- өтеулі қызмет көрсету  шарты бойынша табыс;
- оқу орындарында оқитын, ұйым қызметкерлерінің стипендиясы қабылданады

Осылайша, табыстың болуы  міндетті талап болып табылады.
60% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Кредит алуға менің табысым жетпейді, не істесем болады?
Кредит алуға менің табысым жетпейді, не істесем болады?
Обновлен 02.08.2021 09:11:05
Егер, Сіздің табысыңыз кредит төлеуге жетпесе, Сіз 2 (екі) қосалқы қарыз алушы тарттыра аласыз. Кез келген үшінші тұлғалар қосалқы қарыз алушылар бола алады.
71% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Төлемқабілеттілігін бағалау туралы хабарлама алғаннан кейін, мен әрі қарай не істеуім керек?
Төлемқабілеттілігін бағалау туралы хабарлама алғаннан кейін, мен әрі қарай не істеуім керек?
Обновлен 02.08.2021 09:11:35
Төлемқабілеттілігіңізді бағалаудан өткеніңіз туралы Банк хабарламасын алғаннан кейін,  Сіз 6 ай (180 күнтізбелік күн) ішінде тұрғын үй тауып, бағалау жасап,  тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерімен Банк бөлімшесіне баруыңыз қажет.
65% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Төлем қабілеттілігім расталғаннан кейін қандай мерзімде тұрғын үй тауып, қарыз ресімдеуім керек?
Төлем қабілеттілігім расталғаннан кейін қандай мерзімде тұрғын үй тауып, қарыз ресімдеуім керек?
Обновлен 02.08.2021 09:12:28
Банктен төлемқабілеттілігіңізді бағалаудан өткеніңіз туралы хабарлама алғаннан кейін, Сіз 6 ай ішінде (күнтізбелік 180 күн) тұрғын үй тауып, бағалау жүргізіп, тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерімен Банк филиалына баруыңыз керек.
68% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы бойынша мен қандай тұрғын үй сатып ала аламын?
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы бойынша мен қандай тұрғын үй сатып ала аламын?
Обновлен 02.08.2021 09:13:04
Бағдарлама бойынша тек "Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы аясында  салынған бастапқы тұрғын үйлерді, сондай-ақ,  жеке құрылыс салушыларда ТҚҚҚ кепілдігі болған жағдайда олардан да  сатып алуға болады.
73% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Тұрғын үйді қандай сомада сатып ала аламын?
Тұрғын үйді қандай сомада сатып ала аламын?
Обновлен 02.08.2021 09:14:04

Қарыздың ең үлкен сомасы жеке құрылыс салушылардағы бастапқы тұрғын үй бойынша өңірдің баға диапазонына байланысты
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында  және оның маңындағы аймақтарда-18 миллион теңгеге дейін;
Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды ​​қалаларында және Қарағанды ​​облысында - 15 миллион теңгеге дейін;
басқа аймақтарда - 12 миллион теңгеге дейін.      

Әкімдіктер салған кредиттік тұрғын үй бойынша 1 ш. м.  үшін төмендегі  баға параметрлері  бекітілген:
Алматы қаласында- 240 мың теңгеге дейін;
Нұр-Сұлтан қаласында және оның қала маңы аймағында-220 мың теңгеге дейін;
Шымкент қаласында және Алматы қаласының қала маңы аймағында-200 мың теңгеге дейін;
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды ​​және Қарағанды ​​облыстарында-180 мың теңгеге дейін;
өзге аймақтарда-160 мың теңгеге дейін.

69% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Тұрғын үйді 5-10-20 бағдарламасы бойынша қайдан сатып ала аламын?
Тұрғын үйді 5-10-20 бағдарламасы бойынша қайдан сатып ала аламын?
Обновлен 02.08.2021 09:14:41

Тұрғын үйді Сіз тұрғын үй алуға  кезекке тұрған өңірден ғана сатып ала аласыз. Мысалы, егер, Сіз Шымкент қ. тұрғын үй кезегінде тұрсаңыз, онда, тұрғын үйді тек Шымкент қаласынан сатып ала аласыз.

Нұр-сұлтан және Алматы қалалалары маңындағы аймақтарда кезекте тұрғандар Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан тұрғын үй сатып ала алады. Қала маңындағы аймақтар тізімін Банк қызметкерлерінен алуға  болады.
63% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Облыста кезекте тұрған азамат барлық облыс бойынша немесе кезекке қойылған жері бойынша ғана тұрғын үй сатып ала ала ма?
Облыста кезекте тұрған азамат барлық облыс бойынша немесе кезекке қойылған жері бойынша ғана тұрғын үй сатып ала ала ма?
Обновлен 02.08.2021 09:15:10
Барлық облыс бойынша сатып ала алады.
60% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Егер, тұрғын үй құны қарыздың ең жоғары көлемінен асып кетсе, жетпей тұрған соманы өз қаражатымнан салуға бола ма?
Егер, тұрғын үй құны қарыздың ең жоғары көлемінен асып кетсе, жетпей тұрған соманы өз қаражатымнан салуға бола ма?
Обновлен 02.08.2021 09:15:34
Иә, айырмашылықты өз қаражатыңыздан салуға болады.
63% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Егер, тұрғын үйдің құны бөлінген қарыз көлемінен аз болса, сол тұрғын үйді сатып алуға бола ма?
Егер, тұрғын үйдің құны бөлінген қарыз көлемінен аз болса, сол тұрғын үйді сатып алуға бола ма?
Обновлен 02.08.2021 09:16:05
Иә, болады. Қарыз көлемі белгіленген шекті көлемнен аз, бірақ көп болмауы мүмкін.
58% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Ақмола/Алматы облысының қала маңы аймағында кезекте тұрғандар тиісінше Нұр-сұлтан/Алматы қалаларынан тұрғын үй сатып ала ала ма?
Ақмола/Алматы облысының қала маңы аймағында кезекте тұрғандар тиісінше Нұр-сұлтан/Алматы қалаларынан тұрғын үй сатып ала ала ма?
Обновлен 02.08.2021 09:16:48
Ия, ала алады. Ақмола/Алматы облысының қала маңындағы аймақтары тізімін Банк қызметкерлерінен білуге  болады.
55% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Ақмола/Алматы облысында кезекте тұрғандар Нұр-сұлтан/Алматы қалаларының қала маңы аймақтарынан 18 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ала ала ма?
Ақмола/Алматы облысында кезекте тұрғандар Нұр-сұлтан/Алматы қалаларының қала маңы аймақтарынан 18 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ала ала ма?
Обновлен 02.08.2021 09:17:15

Егер, кезекте тұрған адам Ақмола/Алматы облысында, Нұр-сұлтан/Алматы қаласының қала маңы аймағына жатпайтын ауылда/кентте есепте тұрса, онда, осы кезекте тұрған адам көрсетілген облыста, оның ішінде қала маңы аймағында осы облыстар үшін көзделген қарыздың белгіленген сомасы шегінде – 12 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ала алады.

Егер, кезекте тұрған адам Нұр-сұлтан/Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында есепте тұрса, онда, ол Нұр-сұлтан/Алматы қалаларында немесе қала маңы аймағында 18 млн.теңге шегінде, сондай-ақ, Ақмола/Алматы облысы шегінде, бірақ қарыздың белгіленген  сомасы-12 млн теңге аясында  тұрғын үй сатып ала алады.
54% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Егер, кезекте тұрған адам өңірлерде кезекте тұрса, тұрғын үйді нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан сатып ала ала ма? Немесе керісінше?
Егер, кезекте тұрған адам өңірлерде кезекте тұрса, тұрғын үйді нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан сатып ала ала ма? Немесе керісінше?
Обновлен 02.08.2021 09:17:45
Жоқ, ала алмайды. Тұрғын үйді тек тұрғын үй алуға кезекте тұрған өңірден ғана сатып алуға болады.
55% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Егер, кезекте тұрған адам, мысалы, Ақтөбе қаласында кезекте тұрса, тұрғын үйді облыстан сатып ала ала ма? Немесе керісінше?
Егер, кезекте тұрған адам, мысалы, Ақтөбе қаласында кезекте тұрса, тұрғын үйді облыстан сатып ала ала ма? Немесе керісінше?
Обновлен 02.08.2021 09:18:07
Жоқ, ол мүмкін емес. Тұрғын үйді тек тұрғын үй алуға кезекте тұрған өңірден ғана сатып алуға болады. Мысалы, Ақтөбе қ.
57% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Бастапқы жарнаны қашан салуым керек?
Бастапқы жарнаны қашан салуым керек?
Обновлен 02.08.2021 09:21:39
Тұрғын үйді таңдағаннан кейін, қарызды одан әрі ресімдеу үшін Банк бөлімшесіне жүгінер алдында бастапқы жарна салуыңыз керек.

Ең төменгі бастапқы жарна қарыз сомасының 10% - ын құрайды.

Депозитті:
- Банк бөлімшелеріндегі касса және терминалдар арқылы толықтыруға болады. Мекенжайды мына жерден көре аласыз;
- ТҚЖБ24 интернет-банкингі арқылы,
- WhatsApp арқылы +77059251301 нөмірі бойынша және Отбасы банктің Telegram-каналында (аккаунт: @quanysh_bot);
- Банктің төлем терминалдары арқылы. Мекенжайды мына жерден көре аласыз;
- банк серіктестерінің интернет-банкингі және төлем терминалдары арқылы толықтыруға болады.

71% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Сатып алу-сату шартын қашан ресімдейміз?
Сатып алу-сату шартын қашан ресімдейміз?
Обновлен 02.08.2021 09:22:07
Сіз Банкке тұрғын үйді бағалаумен хабарласқаннан кейін, кредиттік өтініміңізді мақұлдатып алғаннан кейін ғана тұрғын үйге меншік құқығын ресімдеуге болады.
67% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру