Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар

Сыйлық сертификаты
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификаты дегеніміз не?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификаты дегеніміз не?
Обновлен 30.07.2021 18:16:14
ТҚЖ  туралы шартқа арналған сыйлық сертификаты – жарамдылық мерзімі 3 (үш) айдан аспайтын және номиналы кемінде 5 000 (бес мың) теңгені құрайтын,  ТҚЖ шартын үшінші тұлғаға сыйлық ретінде өтеусіз беруге мүмкіндік беретін құжат. ТҚЖ шартына арналған сыйлық сертификаты салым ашқан кезде беріледі.
54% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Қайта ресімделген депозитке Мемлекет сыйлықақысы есептеле ме?
Қайта ресімделген депозитке Мемлекет сыйлықақысы есептеле ме?
Обновлен 30.07.2021 18:18:35

Мемлекет сыйлықақысы қайта ресімделген депозитке аударылады. Сонымен қатар, бір салымшының бірнеше тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болуы мүмкін екенін ескеру қажет, бірақ, Мемлекет сыйлықақысы оның шоттарының біреуіне ғана есептеледі. Бұдан басқа, Мемлекет сыйлықақысы ҚР азаматы болып табылатын салымшының шотына ғана есептеледі.

Жыл сайынғы Мемлекет сыйлықақысының көлемі жинақ сомасының 20% -ын құрайды. Салымның көтермеленетін көлемі 200 АЕК-тен аспауы тиіс.

2020 жылы 555 600 теңге және одан көп сомасы бар жинаққа арналған мемлекеттің ең үлкен сыйлықақысы 111 120 теңгені құрады.

52% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қандай сомаға сатып алуға болады?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қандай сомаға сатып алуға болады?
Обновлен 30.07.2021 18:16:26
ТҚЖ туралы  шартқа арналған  сыйлық сертификатының ең аз сомасы - 5 000 теңгені құрайды, ең үлкен сомасы -  шектелмеген.
52% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатының жарамдылық мерзімі қандай?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатының жарамдылық мерзімі қандай?
Обновлен 30.07.2021 18:16:39
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатының жарамдылық  мерзімі 3 (үш) айдан аспайды.
52% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қалай сатып алуға болады?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қалай сатып алуға болады?
Обновлен 30.07.2021 18:16:57

ТҚЖ шартына арналған сыйлық сертификатын ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Банкке жүгіну керек, ТҚЖ шартын жасасуға және осы ТҚЖ шарты бойынша Сертификат алуға арналған тиісті өтінішті толтыру керек, сондай-ақ, салымға жарна (сертификат сомасын) салу қажет.

Шартқа "ТҚЖ шартына арналған сертификат" белгісі және сертификат коды, сертификат берілетін тұлғаның аты-жөнін көрсетусіз, беріледі.


51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын ашу үшін не қажет?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын ашу үшін не қажет?
Обновлен 30.07.2021 18:17:19
ТҚЖ шартына арналған сертификат ашу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар клиенттің жеке басын куәландыратын құжат (салыстыруға арналған түпнұсқа және көшірмесі) қажет.
52% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатына ие болған адам оны қалай пайдалана алады?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатына ие болған адам оны қалай пайдалана алады?
Обновлен 30.07.2021 18:17:34

Салымшыға ТҚЖ шартын  қайта ресімдеу сертификаттың түпнұсқасын және ТҚЖ шарты қайта ресімделетін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

ТҚЖ туралы шартты қайта ресімдеуге өтініш білдірген кезде, клиент шарттық соманы ұлғайтуға және жинақтау мерзімін өзгертуге құқылы.


52% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қандай мақсатта сатып алуға болады?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қандай мақсатта сатып алуға болады?
Обновлен 30.07.2021 18:17:45
ТҚЖ шартына арналған сыйлық сертификатын ерекше  күндерге арнап  сыйлық ретінде (мысалы, туған күн, үйлену тойы және т. б.) сатып алуға болады.
51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Қайта ресімдеу барысында беруші тараптың (ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын берген тараптың) болуы қажет пе?
Қайта ресімдеу барысында беруші тараптың (ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын берген тараптың) болуы қажет пе?
Обновлен 30.07.2021 18:17:59
ТҚЖ шартын қайта ресімдеу барысы беруші тараптың қатысуынсыз, ТҚЖ шартын беру үдерісіне ұқсас жүзеге асырылатын болады.
50% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қайта ресімдегеннен кейін депозит бойынша қандай сыйақы мөлшерлемесі есептеледі?
ТҚЖ туралы шартқа арналған сыйлық сертификатын қайта ресімдегеннен кейін депозит бойынша қандай сыйақы мөлшерлемесі есептеледі?
Обновлен 30.07.2021 18:18:13
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 14% дейін.
51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру