Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар

Интернет-банкинг, ТҚЖБ24 қосымшасы
Интернет-банк дегеніміз не?
Интернет-банк дегеніміз не?
Обновлен 02.08.2021 10:16:02

Интернет-банк банк клиенттерінің өз шоттарын ыңғайлы, тез және қауіпсіз бақылауына, салымдар бойынша болжамды есеп айырысуларды жүргізуіне, депозитті сату немесе сатып алуына, ақша аударуына мүмкіндік береді.

267% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Интернет-банкте қалай тіркелуге болады?
Интернет-банкте қалай тіркелуге болады?
Обновлен 30.07.2021 16:30:51
1) Интернет-банкке өтіңіз.

2) Интернет-банкингте тіркелу үшін "Тіркеу" батырмасын басу қажет.



3) Әрі қарай деректерді енгізу қажет: шоттың баламалы коды немесе жеке куәліктің нөмірі, телефон нөмірі," Әрі қарай" батырмасын   басу қажет.



4) Егер,  деректер дұрыс енгізілген болса, онда көрсетілген нөмірге смс-код келеді, оны енгізіп, "Әрі қарай"-ды  қайтадан басу керек.



5) Егер, СМС-код  дұрыс енгізілген болса, келесі қадам "Мен пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдаймын" белгісін басу болады.

6) Өзіңізге құпиясөз орнатуыңыз керек. Құпиясөзге  қойылатын талаптар: құпиясөз кемінде 6 таңбадан тұруы керек және сандар мен кем дегенде бір бас әріпті қамтуы керек. Мысалы: Asd123456




7) "Әрі қарай" батырмасын басқаннан кейін тіркелу аяқталады.



Маңызды! Интернет-банкингте тіркелу кезінде өзекті қолданыстағы телефон нөмірі пайдаланылады. Егер, Сіздің телефон нөміріңіз өзгерсе және ескі  нөміріңізді пайдалану мүмкіндігі болмаса, телефон нөмірін өзгертуіңіз керек. Телефон нөміріңізді  Банктің  hcsbk.kz сайтындағы Бейнеқоңырау арқылы өзгертуге болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңыз болуы қажет.


56% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Менің Интернет-банкім бұғатталып қалды, не істеймін?
Менің Интернет-банкім бұғатталып қалды, не істеймін?
Обновлен 30.07.2021 16:31:57

Егер, Сіз бұрын тіркелген болсаңыз, бұғаттан шығару үшін, құпиясөзді қалпына келтіруді орындаңыз:

1) Құпиясөзді қалпына келтіру үшін «Құпиясөзді қалпына келтіру» сілтемесін басу қажет.



2) Содан кейін, балама кодын немесе жеке куәлік нөмірін және тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөмірін енгізіп, «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.



3) Телефоныңызға  СМС-код жіберіледі. Оны енгізгеннен кейін «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.



4) Жаңа құпиясөз ойлап тауып, қайта енгізу арқылы оның дұрыстығын растап, «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.



5) «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін құпиясөз өзгертіледі.

57% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Жаңа Интернет-банк бойынша ұсыныстар мен ескертулерімді қалай қалдыра аламын?
Жаңа Интернет-банк бойынша ұсыныстар мен ескертулерімді қалай қалдыра аламын?
Обновлен 30.07.2021 16:32:48

Өзіңіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қалдыру үшін «Кері байланыс» бөлімі арқылы оларды жазбаша түрде  ресімдеуіңізді сұраймыз.

79% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Нөмірімді ауыстырғандықтан тіркеле алмай отырмын, не істесем болады?
Нөмірімді ауыстырғандықтан тіркеле алмай отырмын, не істесем болады?
Обновлен 30.07.2021 16:34:57

Интернет-банкингте тіркелу кезінде өзекті қолданыстағы телефон нөмірі пайдаланылады. Егер, Сіздің телефон нөміріңіз өзгерсе және ескі нөміріңізді пайдалану мүмкіндігі болмаса, телефон нөмірін өзгертуіңіз керек. Телефон нөміріңізді Банктің hcsbk.kz сайтындағы Бейнеқоңырау арқылы өзгертуге болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңыз болуы қажет.

53% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Интернет-банкте отбасымның мүшелерін өз нөмірім арқылы тіркей аламын ба?
Интернет-банкте отбасымның мүшелерін өз нөмірім арқылы тіркей аламын ба?
Обновлен 30.07.2021 16:37:33

Интернет-банкинг "жеке кабинет" қағидаты бойынша жұмыс істейді, яғни бір нөмірге тек бір ғана клиент бекітілуі керек. Бұған 16 жасқа дейінгі балалардың депозиттері жатпайды, балалардың депозиттері бойынша ақпарат ақша салатын ата-аналардың бірінің интернет-банкингінде қолжетімді.

Өз отбасыңыздың мүшелерінің депозиттерін көру үшін Сіз Интернет-банкте Отбасылық пакет қалыптастыра аласыз.


86% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Балалар депозиті бойынша қалай тіркелуге болады?
Балалар депозиті бойынша қалай тіркелуге болады?
Обновлен 30.07.2021 16:38:21

Балалар депозиттері бойынша ақпарат олардың заңды өкілінің (ата-анасының) Интернет-банкінде көрсетіледі және олар бойынша тіркелу талап етілмейді.

53% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Үзінді көшірмені қалай қалыптастыруға болады?
Үзінді көшірмені қалай қалыптастыруға болады?
Обновлен 30.07.2021 16:43:33

Депозит немесе қарыз бойынша үзінді көшірме алу үшін ТҚЖБ24 мобильді қосымшасына кіру қажет.

1) "Операциялар" бөлімін таңдау керек 



2) Содан кейін "Анықтама алу" батырмасын басыңыз 


3) Қажетті анықтаманы таңдаңыз: Операциялардың үзінді көшірмесімен анықтама-депозит/ Операциялардың үзіндісімен анықтама-қарыз


4)  Қажетті өнімді таңдайсыз: депозит / кредит

5)  Үзінді көшірмені Сіз көрсеткен кезеңде алуға немесе "Бүкіл кезең үшін" таңдауға болады. "Жүктеу" батырмасын басыңыз.

6)  Таңдалған өнім бойынша үзінді көшірме ашылады, оны  жүктеу үшін "Жүктеу" батырмасын басу қажет.


53% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Интернет-банк арқылы онлайн төлемді қалай жүзеге асыруға болады?
Интернет-банк арқылы онлайн төлемді қалай жүзеге асыруға болады?
Обновлен 30.07.2021 16:45:00

1. Интернет-Банкинг/ТҚЖБ24 қосымшасы арқылы шотқа банктік карта арқылы ақша қаражатын енгізу үшін,  Интернет-банкингке кіру  қажет, содан кейін депозит/кредит/ағымдағы шот өнімін таңдап, "Толықтыру/Төлеу" батырмасын басу қажет.



2. Ашылған терезеде түбіртек пен жарна сомасын жіберу үшін e-mail енгізу қажет. Толтырғаннан кейін "Әрі қарай" батырмасын басу қажет.



3. Сізге төлем картасының деректерін толтыруға арналған терезе ашылады. Жарнаның ең төменгі сомасы 1000 теңгені құрайды. Толтырып болғаннан  кейін "Төлеу" батырмасын басыңыз.



51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мен өз поштама төлем туралы электронды чек ала аламын ба?
Мен өз поштама төлем туралы электронды чек ала аламын ба?
Обновлен 30.07.2021 16:45:49

ТҚЖБ24 интернет-банкингіндегі төлем Халық банкінің "e-pay" қызметі арқылы жүзеге асырылады. Төлем чегі, төлем жасаған жағдайда, Сіз көрсеткен поштаға жіберіледі. Чекті Сіз көрсеткен поштаға жіберген кезде қате кетсе, +7 727 258 52 57 нөміріне хабарласуыңызды немесе epay@kkb.kz поштасына жазуыңызды сұраймыз.


51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Алдыңғы жүргізілген төлемдер туралы электронды чекті интернет-банк арқылы жібере аласыз ба?
Алдыңғы жүргізілген төлемдер туралы электронды чекті интернет-банк арқылы жібере аласыз ба?
Обновлен 30.07.2021 16:46:29

«ТҚЖБ24» интернет-банкингі  кезең бойынша электронды чектер жасамайды.

Жүргізілген төлемдер туралы есепті PDF форматында жасауға  және жүктеуге болады. Ол үшін "Соңғы операциялар" бөлімінде "Кезеңді белгілеу" батырмасын  басып, үзінді көшірмені жасағыңыз келетін кезеңді көрсетіңіз, содан кейін,  "Орындау" батырмасын басыңыз, одан кейін операциялар туралы ақпарат көрсетіледі.

Оны жүктеу үшін PDF форматында "Жүктеу" белгісін басыңыз.
51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Интернет-Банкинг жүйесінде автотөлемді қалай баптауға болады?
Интернет-Банкинг жүйесінде автотөлемді қалай баптауға болады?
Обновлен 30.07.2021 16:47:39

1) Интернет-банкингке кіру  қажет

2) "Автотөлемді" баптауды жоспарлаған экранның сол жақ бұрышынан "Қарыз" немесе "Депозит" өнімін таңдаңыз. 


3) "Картамен толықтыру/Төлеу" батырмасын басыңыз 



4) "Картамен толықтыру/Төлеу" батырмасын басқаннан кейін "Ай сайын автоматты түрде төлеу" қою қажет.


5) Төлем картасының деректемелерін толтыру қажет. Егер, Сіз ағымдағы күнді белгілесеңіз, онда картада автотөлемнің барлық сомасы болуы керек. 



6) Банк картасы сәтті расталған жағдайда, Интнернет-Банкинг жүйесінде төлем тапсырмасы көрсетіледі.


50% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Онлайн режимінде мерзімінен бұрын ішінара өтеуді қалай жүргізуге болады?
Онлайн режимінде мерзімінен бұрын ішінара өтеуді қалай жүргізуге болады?
Обновлен 30.07.2021 16:52:04

Онлайн режимінде мерзімінен бұрын ішінара өтеу Интернет-банкингте/ТҚЖБ24 қосымшасында жүргізіледі. Операция жұмыс күндері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.

БЗТ арнайы шотындағы, ағымдағы шоттағы және тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шоттағы қаражат есебінен онлайн мерзімінен бұрын өтеуге болады. Сізге қарызды және қарызды мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін шотты таңдау қажет. Қарызды жеке қаражат және тұрғын үй төлемдері есебінен ішінара өтеу кезінде өтеуге болатын ең аз сома - 50 000 теңге.

Қарыздардың келесі түрлерін  онлайн өтеу мүмкін емес (Банк бөлімшесіне жүгіну қажет):

  • банкпен ерекше  қатынастармен байланысты тұлғаның/үлестес тұлғаның қатысуымен қарыздар;
  • қайта құрылымдалған берешегі бар қарыздар;
  • қосалқы қарыз алушы (лар) бар қарыздар;
  • қарыз сомасының 90% - нан астам берешегі өтелген жағдайда, қарыздың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар ұсынылмаған қарыздар
  • мына мақсаттарға берілген қарыздар: жер телімін сатып алу; жөндеу және жаңғырту, қайта қаржыландыру (БЗТ  қаражаты есебінен);
  • Жеңіл-2 аралық тұрғын үй қарыздары;
  • егер клиент әрекетсіз салық төлеушілер базасында болса;
  • шоттар бойынша бұғаттау (тыйым салу, бұғаттау, ТҚП) болған кезде. 

ТҚЖБ24 Интернет-банкингінде қарызды мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық:

ТҚЖБ24 қосымшасында  қарызды мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық:







ЖССБ24 қосымшасында қарызды мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық:










51% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру