Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар

Мемлекеттік сыйлықақы
Мемлекеттік сыйлықақы деген не?
Мемлекеттік сыйлықақы деген не?
Обновлен 28.08.2020 18:25:32
Республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін және жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың депозитте жинаған салым сомасына және Банктің сыйақысына түсетін ақшалар.

Мемлекеттік сыйлықақының мөлшері Тұрғын ұй құрылыс жинақтары туралы Заңмен бекітілген. Мемлекеттік сыйлықақы салымшының жинағы мен оған есептелген сыйақыға есептеледі.


68% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Менде Банкте бірнеше жинақ депозиті бар, мемлекеттік сыйлықақы барлығына түседі ме?
Менде Банкте бірнеше жинақ депозиті бар, мемлекеттік сыйлықақы барлығына түседі ме?
Обновлен 28.08.2020 16:57:40
Салымшының бірнеше жинақ шоты бар болған жағдайда, мемлекеттік сыйлықақы тек бір жинақ ақша шотына ғана түседі. Бұл шотты салымшы өтініш жазу негізінде өзі таңдайды
64% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мемлекеттік сыйлықақыны қалай алсам болады?
Мемлекеттік сыйлықақыны қалай алсам болады?
Обновлен 05.01.2021 19:42:58
Мемлекет сыйлықақысын алу үшін салымшы депозитті толықтыруы қажет. Сыйлықақы есепті жылдан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша ТҚЖ салымына және Банктен алынған сыйақыға 20% мөлшерінде есептеледі.

Сыйлықақымен ынталандырылатын жинақтардың ең жоғары сомасы 200 АЕК-тен аспайды.

2021 жылы сыйлықақымен ынталандырылатын жинақтардың ең жоғары сомасы 583 400 теңге және оған есептелетін ең жоғарғы сыйлықақы 116 680 теңгені құрайды.

Салымшының депозитті мүмкіндігінше толықтыруға құқығы бар. Оған әрқашан жылдық 2% Банк сыйақысы мен 20% мемлекеттік сыйлықақысы есептелетін болады.
67% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мемлекеттік сыйлықақыны заемды өтеуге жібере аламын ба?
Мемлекеттік сыйлықақыны заемды өтеуге жібере аламын ба?
Обновлен 28.08.2020 18:31:41
Мемлекеттік сыйлықақыны заемды төлеу үшін бөлек шешіп алуға болмайды. Мемлекеттік сыйлықақы салымшыға шарттық сомамен бірге төленеді. Яғни, мемлекеттік сыйлықақы салымшыға төленеді:

- тұрғын үй заемын ресімдеген кезде

- алдын-ала/аралық заемнан тұрғын заемына өткен кезде негізгі қарызды өтеу үшін жұмсалады.
53% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мемлекеттік сыйлықақының өзін шешіп алсам бола ма?
Мемлекеттік сыйлықақының өзін шешіп алсам бола ма?
Обновлен 28.08.2020 18:34:04
Жоқ, сыйлықақына депозиттен бөлек шешіп алуға болмайды.
63% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Қандай жағдайларда мемлекеттік сыйлықақы төленбейді?
Қандай жағдайларда мемлекеттік сыйлықақы төленбейді?
Обновлен 28.08.2020 18:59:30
Мемлекеттік сыйлықақы келесі жағдайларда мемлекеттік бюджетке қайтарылады:

1) салымшы тұрғын үй заемын нысаналы түрде пайдаланбағанда;

2) ақшаны 3 жылдан аз уақытта жинаған кезде заем берілген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде заемды қайтарғанда;

3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшыға мемлекеттің сыйлықақысын төлеудi осы Заңды және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып жүзеге асырғанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ банкі талаптарды бұза отырып төлеген мемлекет сыйлықақысының сомасы (соманың бiр бөлiгі) қайтарылуға тиiс;

4) депозитті жинақтау мерзiмi 3 жылдан кем болған кезде;

5) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға бергенде;

6) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган бір салымшыға бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша 2 және одан да көп шоттар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысы төленгенiн анықтағанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте алдындағы жылдарда есептелген мемлекеттің сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдардың бiрі бойынша есептелген сыйлықақыларды қоспағанда, бюджетке қайтарылуға тиiс.

62% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін шотты қай күнге дейін толтыруым қажет?
Мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін шотты қай күнге дейін толтыруым қажет?
Обновлен 27.03.2020 12:47:11
Мемлекеттік сыйлықақы есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына есептеледі, яғни шотты есепті жылдың 31 желтоқсанына дейін толтыру қажет.
312% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!
Мемлекеттік сыйлықақы қашан түседі?
Мемлекеттік сыйлықақы қашан түседі?
Обновлен 05.04.2018 16:20:39
Мемлекеттік сыйлықақы салымшы шотына есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін түседі.
74% считают ответ полезным
Для Вас ответ оказался полезным?
Спасибо, Ваш голос учтен!

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру