Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Жиі қойылатын сұрақтар

Интернет-банкинг

1. Интернет-банк деген не?

Интернет-банк клиенттерге өз шоттарын қолайлы, жылдам және қауіпсіз қадағалауға, салымдар бойынша болжалдық есептеулер жүргізуге, тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында пулдарға қатысуға өтінім жіберуге және тағы басқаларға мүмкіндік береді.

Жаңартылды 02.04.2018 13:37:16
77%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
2. Интернет-банкте тіркеуден қалай өтуге болады?
Интернет-банкингте тіркеуді бастау үшін «Тіркеу» батырмасын басу қажет. Содан кейін келесі мәліметтерді: сіздің депозитіңіздің/кредитіңіздің балама шот нөмірін (кодын), телефон нөмірін енгізіп «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Назар аударыңыз! Ұялы телефон нөмірі банктің мәліметтер базасында болуы қажет, болмаған жағдайда Банктің жақын маңдағы бөлімшесінде өзектендіру қажет. Егер мәліметтер дұрыс енгізілген болса, онда көрсетілген нөмірге смс код келеді, оны енгізіп «Әрі қарай» батырмасын  қайта басыңыз. Егер СМС-код дұрыс енгізілген болса келесі кезекте «Мен пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдаймын» деген жердегі белгіге басасыз, содан кейін өзіңізге құпиясөз ойлап табасыз. «Әрі қарай» батырмасын басқаннан кейін тіркеу аяқталады.
Жаңартылды 02.04.2018 13:39:59
61%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
3. Менің Интернет-банкім бұғатталып қалды, не істеймін?
Егер сіз бұрын тіркелген болсаңыз, аккаунтты бұғаттан шығару үшін, өтінеміз, сайттан құпиясөзді қалпына келтіруді орындаңыз. Құпиясөзді қалпына келтіру үшін «Құпиясөзді ұмыттым» сілтемесін басу қажет. Содан кейін тіркеу кезінде көрсетілген балама кодын және телефон нөмірін енгізіп, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет. Телефонға СМС-код жіберіледі. Оны енгізгеннен кейін «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Жаңа құпиясөз ойлап тауып, қайта енгізу арқылы оның дұрыстығын растап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Басқаннан кейін құпиясөз өзгертіледі.
Жаңартылды 02.04.2018 13:40:56
63%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
4. Жаңа Интернет-банк бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қалай қалдыра аламын?
Өзіңіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қалдыру үшін оларды хаттық нысанда «Кері байланыс» http://www.hcsbk.kz/feedback/ бөлімі арқылы жіберуңізді сұраймыз.
Жаңартылды 02.04.2018 13:41:31
53%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
5. Интернет-банкте пулға өтінішті қалай бере аламын?

Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін қатысуға депозитті таңдап, одан кейін депозит бойынша толығырақ ақпаратта «Мем.бағдарламаға қатысуға өтінім» (сол жақ жоғары бұрышта) батырмасын басыңыз.

Маңызды! Пулға қатысу үшін кепіл емес депозиттерге қол жетімді.

Әрі қарай тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін терезе ашылады, сол жерде алдымен өтініш бергіңіз келген қаланы таңдайсыз, сосын қатысқыңыз келген бағдарламаны таңдап, қатысуға қабылдағыңыз келген депозитті көрсетіңіз (бірнеше депозит болған жағдайда) және «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Екінші терезеде қол жетімді бағдарлама және пулдан нысанды таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Қатысу үшін сіз көрсеткен параметрлердің дұрыстығын қайта тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса «Мем.бағдарламаға қатысу талаптарымен келісемін» белгісін басыңыз, содан кейін «Растау» батырмасын басыңыз. Басқаннан кейін Өтінім нөмірін көресіз

Жаңартылды 02.04.2018 13:42:08
54%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
6. Пулда тіркелген өтініш бойынша ақпаратты қайдан көрсем болады?
Жіберілген барлық өтінімдерді «Өтінімдер» қосымша бетінен көруге болады.
Тұрғын үй бағдарламасына қатысу белгісі екі жерде, сол жақтағы топтамада және толығырақ сипаттауда көрсетіледі. Бұрын берілген өтінімдердің параметрлерін көру үшін депозит бойынша толығырақ ақпарат тетігіне басу қажет.
Жаңартылды 02.04.2018 13:42:26
59%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
7. Нөмірді ауыстырғандықтан тіркеле алмай отырмын, не істесем болады?
Ұялы телефон нөмірі банктің мәліметтер базасында болуы қажет, болмаған жағдайда Банктің жақын маңдағы бөлімшесінде өзектендіру қажет. Егер сіз нөмірді банк бөлімшесінде өзгерткен болсаңыз, онда сізге қайта тіркеуден өту жеткілікті, сол кезде сіздің ескі нөміріңіз жаңа нөмірге өзгеретін болады.
Жаңартылды 02.04.2018 13:42:42
53%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
8. Интернет-банкте өз нөмірім арқылы отбасы мүшелерімді тіркей аламын ба?
Интернет-банкинг «жеке кабинет» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни бір нөмірде бір клиент болуы қажет. 16 жасқа дейінгі балалар депозиттері есепке алынбайды.
Жаңартылды 02.04.2018 13:42:56
50%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
9. Балалар депозиттері бойынша тіркеуден қалай өтуге болады?
Балалар депзиттері бойынша ақпарат олардың заңды өкілінде (ата-анасында) көрсетілетін болажы және ол бойынша тіркеу талап етілмейді. Бұл қызмет әзірлену сатысында.  
Жаңартылды 02.04.2018 13:43:11
56%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
10. Үзінді көшірмені қалай жасауға болады?
Өткізілген төлемдер туралы есепті PDF нысанында жасауға және көшіріп алуға болады. Ол үшін «Соңғы операциялар» бөлімінде «Соңғы операциялар» бөлімінде «Кезеңді белгілеу» батырмасын басып, сіз жасағыңыз келген үзінді көшірме бойынша кезеңді таңдап, «Орындау» батырмасын басыңыз, содан кейін операция бойынша ақпарат көрінеді. Оны көшіріп алу үшін «PDF нысанында «көшіріп алу» белгісіне басыңыз.
Жаңартылды 02.04.2018 13:43:29
55%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
11. Менің жинақтарым бойынша неге 0 шығарды?

Бұл мәселе екі жағдайда туындауы мүмкін: 
1) Сіз депозит үшін комиссия төлемедіңіз немесе ішінара төледіңіз
2) Комиссияны төлегеннен кейін толықтыру болған жоқ.
Барлық басқа да жағдайларда кері байланыс арқылы (http://www.hcsbk.kz/feedback/) немесе 300 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз

Жаңартылды 02.04.2018 13:44:10
52%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
12. Интернет-банк арқылы онлайн төлемді қалай жүзеге асыруға болады?
Депозитті толықтыру немесе кредит төлеу үшін, депозиттің немесе кредиттің толық сипатындағы батырманы басыңыз.
Батырманы басқаннан кейін электронды пошта мекенжайын және төлем сомасын енгізіп, одан кейін «е-рау арқылы төлеу» батырмасын басыңыз
Мәліметтерді тексергеннен кейін е-рау төлемі бетіне өтеді

Жаңартылды 02.04.2018 13:44:43
51%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
13. Төлем туралы электронды чекті өз поштама алуыма бола ма?

«ТҚЖБ 24» интернет-банкингінде төлеу «КАЗКОМ» АҚ-дан «е-рау» қызметі арқылы жүзеге асырылады. Төлем туралы чек төлем кезінде сіз көрсеткен пошталық мекенжайына жіберіледі. Сіз көрсеткен пошталық мекенжайына чекті жіберу кезінде қате болған жағдайда +7 727 258 52 57 нөміріне немесе epay@kkb.kz пошталық мекенжайға хабарласуыңызды өтінеміз.


Жаңартылды 02.04.2018 13:45:15
53%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
14. Интернет-банк арқылы өткізілген алдыңғы төлемдер туралы чекті жібере аласыздар ма?
Қазіргі сәтте кезең үшін «ТҚЖБ 24» интернет-банкі электронды чектер жасамайды.
Өткізілген төлемдер туралы есепті PDF нысанында жасауға және көшіріп алуға болады. Ол үшін «Соңғы операциялар» бөлімінде «Соңғы операциялар» бөлімінде «Кезеңді белгілеу» батырмасын басып, сіз жасағыңыз келген үзінді көшірме бойынша кезеңді таңдап, «Орындау» батырмасын басыңыз, содан кейін операция бойынша ақпарат көрінеді. Оны көшіріп алу үшін «PDF нысанында «көшіріп алу» белгісіне басыңыз.
Жаңартылды 02.04.2018 13:45:50
52%-ы жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!