Омарходжаев Ануар Сагыналиевич

"Отбасы банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

2020 жылғы қазаннан бастап "Отбасы банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі. "Отбасы банк"АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің мүшесі.

Білімі: Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Өнеркәсіптік техника және фабрикалық өндіріс институты (IPF), Бремен қ., Германия.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2016 жылдың қазан айынан бастап "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
  • Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Хатшылығының меңгерушісі.
  • Премьер-Министр Кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің хаттама шефі.
  • Хатшылық меңгерушісінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттама қызметінің басшысы.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының Бас инспекторы.
  • Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы (Берлин қ.).
  • Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Консулдығының атташесі (Берлин қ.).
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасы Халықаралық өңірлік жобалар бөлімінің атташесі.
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Инвестициялық жобаларды бағалау бөлімінің атташесі.

қайтару

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру