«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Бағдарлама туралы толығырақ

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысы

(2015.17.06. берілген өзгерістермен)

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бағдарлама туралы толығырақ


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

(05.11.2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы(бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бағдарлама туралы толығырақ



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және мемлекеттік, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру ережеcі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Директорлар кеңесінің 29.02.2015  жылғы (№4 хаттама) шешіміне

№4 қосымша

Осы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және мемлекеттік, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру  ережеcі (бұдан әрі – Ереже)  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақьтары туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасын Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №1030 Жарлығымен бекітілген  2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.06.2014ж. № 728 қаулысымен бекітілген  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобалары аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмысының негізгі ережелерін сипаттайды. (1-тармақ Директорлар кеңесінің 21.09.2016 жылғы шешімі редакциясында баяндалған )

Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Жалдаушы – Бағдарламаның «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыттары бойынша кейіннен сатып алу құқығымен жалдау арқылы тұрғын үй алып жатқан  I, II, III топтың үміткерлері;

Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;

ТҚЖ шарты – ТҚЖ заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, мемлекеттік, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларына қатысатын, Салымшы мен Банк арасында және (немесе) Салымшы, Банк және үшінші тұлғалар арасында жасалған, соның ішінде, Банк агенті (агенттері) арқылы жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты; 

ТҚЖ шартының қосымша келісімі – І топтың Бағдарлама Қатысушысының және Жалдаушылардың құқықтары мен міндеттерін бекітетін ТҚЖ шартының қосымша келісімі;

Тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – Банк сүйемелдейтін мемлекеттік, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобалары аясында тұрғын үйді өткізу жұмыстарын ұйымдастыратын Банк филиалының алқалы органы;

Үміткер – I топтың Үміткері, II топтың Үміткері, III топтың Үміткері, «Нұрлы жол» бағдарламасының Үміткері,  Өңірлік  және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларының Үміткері (2-тармақтың  6) тармақшасы Директорлар кеңесінің  21.09.2016 жылғы шешімі редакциясында ( №15 хаттама)  баяндалған)

I топтың Үміткері – «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарлама аясында жергілікті атқару органы жолдама берген Банк салымшысы;

II топтың Үміткері – «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарлама аясында Пулға қосылу үшін балл есептеу нәтижесі бойынша іріктеуден өткен үміткер;

III топтың Үміткері – «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарлама аясында жергілікті атқару органы жолдама берген Банк салымшысы.

Ереженің толық нұсқасы