«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Жаңалықтар

  • 23 Января 2017 Баспасөз-релизі: Ләззат Ибрагимова «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды

    Бүгін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұжымына («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды.

  • 26 Декабря 2016 Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында әкімдіктер мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның құнды қағаздарын сатып алмақ

    Банктің салымшыларын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі таңда іске асырылып жатқан «Өз үйім» бағдарламасы аясында әкімдіктер мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ құнды қағаздарын сатып алу қарастырылған.

  • 10 Ноября 2016 Баспасөз-релизі: Moody’s агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Baa3» деңгейіндегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады

    Moody’s investors service халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес банкі) елдің егемен рейтингі деңгейіндегі «Baa3» ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады.

  • 28 Октября 2016 Баспасөз-релизі: 31 қазан - Бүкіләлемдік жинақтау күні!

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Бүкіләлемдік жинақтау күнін тойлау қарсаңында жаңа салымшылар үшін науқан жүргізіп, Ашық есік күнін өткізеді.

  • 14 Сентября 2016 Баспасөз-релизі: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында 350 пәтердің құрылысы аяқталуда

    «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы қаржыландыруымен Қызылорда қаласында 350 пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. «Нұрлы жол» инфраструктуралық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған әлеуметтік баспананы пайдалануға беру үстіміздегі жылдың қазан айына жоспарланған. «Сәулет» шағын ауданында орналасқан пәтерлердің аумағы 21 мың шаршы метрден асады.

  • 31 Августа 2016 Баспасөз-релизі: Таразда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына жаңа үйлер мерзімінен бұрын берілді

    Конституция күніне орай Жамбыл облысының тұрғындары бағалы сыйлық алды – оларға өздерінің пәтерінің кілті табысталды. Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” облыстық филиалының директоры құттықтап келді.
    – Бес қабатты үйді мердігер мерзімінен бұрын берді. Барлық пәтер таза өңделген және салымшыларға 1 шаршы метріне 116 000 теңге бағада ұсынылатын болады. Объектінің жанында интеллектуалдық мектеп, базар, спорттық кешен бар. Жаңа қоныстанушыларымызға бұл жер барынша ыңғайлы болады деген үміттеміз”, – дейді ТҮҚЖБ Жамбыл облыстық филиалының директоры салымшыларға.

  • 15 Августа 2016 Баспасөз-релизі: Қызылорда қаласы салымшыларының назарына!

    «Өз үйім» меншікті бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда қаласында екі тұрғын үй бойынша (100 пәтер) пулға қатысу мақсатында банк салымшыларынан өтініштерді қабылдай бастады. Сырдария ықшам ауданының С. Бейбарыс көшесінде орналасқан жаңа нысандардың бірі - 40 пәтерге, екіншісі – 60 пәтерге есептелген. Тұрғын үйлер таза әрленген күйде және 1 ш.м. үшін 140 000 теңге бағасымен берілмек. Тұрғын үй құрылысы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда.

  • 11 Августа 2016 Баспасөз-релизі: Өтемақының арқасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары өз жинақтарын 32,9 млрд. теңгеге арттырды.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) өз клиенттеріне ұлттық валюта бағамындағы айырманың бірінші бөлігін төлеуді аяқтады. Нәтижесінде 338 мың депозитке өтемақы төленді. Қалған 28 млрд. теңгені банк салымшылары 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін екінші траншпен алатын болады. Қорытындысында, толықтыру коэффициенті 35,5%-ды құрайды. Сонымен қатар, Ranking.kz хабарлағандай, басқа банкілерде депозиті бар салымшылар салым сомасынан 21,5% өтемақыға ие болады. Ұлттық Банктың екінші дәрежелі басқа банктер клиенттеріне өтемақы төлеу үшін сақтаған 77,6 млрд. теңгесі ҚТҚЖБ-ның салымшыларына төленетін өтемақыдан бар-жоғы 27,4% -ға артық.

  • 5 Августа 2016 Баспасөз-релизі: Шымкентте “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 32 мың шаршы метр жер бөлінді

    Бұл облыстағы тұрғын үй құрылыс аумағын кеңейтеді. Бұл мақсатқа қазірдің өзінде Ұлттық қордан 4,4 млрд теңге аударылды. Ақша жергілікті әкімдік арқылы бөлінеді.
    Нәтижесінде Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында 11 тоғызқабатты үй бой көтермек. Бұл 558 пәтердің жалпы аумағы 32 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспананы 1 шаршы метрге 14 000 теңгеден төлеп алады.

  • 29 Июня 2016 Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылдың 25-ші маусымында өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды

    25-ші маусым күні салымшылар шотына 23.6 млрд. теңге көлемінде бағам айырмасының алғашқы траншы беріледі. Оның 8,6 млрд. теңгесі банктің жеке қаражатынан бөлінбек.
    -Өтемақы, бірінші кезекте, 2016 жылдың 31-ші мамырына дейін банкпен қосымша келісімге қол қойып үлгерген салымшыларға төленеді. 221 705 салымшы 122,9 млрд. теңгені құрайтын депозиттің жалпы сомасынан өтемақы алады, - деп мәлімдейді, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз-қызметі.