«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Қайта қаржыландыру

Біздің кредиттің есебінен Сіз басқа банктен алған ипотекалық несиеңізді толық өтей аласыз. Бұл мерзімі өткен заем емес. Заемды қайта қаржыландыру үшін Сіз(дер)дің:

  • қажетті шарттық сомаға біздің Банкпен жасалған депозиттік шартыңыздың болуы;
  • заем түрінің біріне өтінім беруіңіз;
  • келесі кепілге (қайта кепілге) қоюға банк келісімінің болуы керек. Бұл үшін, кредит өтінімі мақұлданған соң, біздің Банк қайта кепілге қою жағдайында сізге заем беруге келісім бергені жайлы хат береді.

(!!!!) Назарларыңызда болсын, егер көрсетілген талаптарда қандай да бір банк қайта кепілге қоюға негізсіз бас тартып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиті есебінен Сізді оның алдындағы қарызын өтеу мүмкіндігінен айырса, онда мұндай әрекет кредитор құқығына нұқсан келтіру болып табылады. Банк-кредиторлар тарапынан мұндай ереже бұзушылықтар болса, бізге хабарлаңыздар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау  жөніндегі комитеттің Қаржы қызметін тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне хабарласуға кеңес береміз.​

  
Сондай-ақ, Сізге біздің қызметімізді қарауды ұсынамыз: кредит кепіліне депозиттер.

Кредит кепіліне депозиттер 

Кепілге Банк депозитін рәсімдеу үшін Сізге  мынадай құжаттар қажет болады. (pdf форматтағы құжаттар тізіміне сілтеме)​

• тұрғын үй құрылыс жинақ сомасының кепілі шамаланатын міндеттемелерді қамтамасыз етуде қаржы ұйымымен келісім (жоба немесе көшірме);
• қаржы ұйымының статистикалық карточкасы (көшірме);
• қаржы ұйымының мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік (көшірме);
• қаржы ұйымының салық есебіне қойылуын растайтын, салық қызметі органы берген құжат (СТН, көшірме);
•қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымына берген лицензиясы (көшірме).

Қажетті құжаттар пакетін тапсырған соң, тұрғын үй құрылыс жинақ кепілі туралы өтініш рәсімдеу қажет

қайтару