«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Депозит ашу үшін не істеу керек?

Банкте депозит ашып жинақтау жасау үшін Банк салымшысы болып, тұрғын үй құрылыс жинақ шарты (бұдан әрі – ТҚЖ шарты) бойынша келісімге отыру қажет. ТҚЖ шартын жасау үшін жеке куәлік пен комиссиялық алым – шарттық соманың 0,55% төлеу керек. Ең алдымен өзіңіздің тұрғын үй жағдайыңызды жақсарту үшін қажетті соманы, яғни шарттық соманы анықтайсыз. Шарттық соманың ең аз мөлшері 500 АЕК кем болмауы тиіс (1 060 500 тенге).

Тұрғын үй құрылыс жинақтары ай сайын белгілі мөлшерде салым жасау арқылы жинақталады. Ай сайынғы салым мөлшерінің көлемі шарттық сома мен тарифтік бағдарламаға байланысты анықталып, ТҚЖ шартында бекітіледі. Салымшы өзіне қажетті соманың жартысын, яғни 50%-ын жинақтайды, қалған жартысын – 50%-ды тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Банк заем ретінде береді.

Өзіңізге қажетті сома мен жинақ мерзімі негізінде шарттық сома мен ай сайынғы жинақтау мөлшерін анықтау үшін «Депозиттер» бөлімінде ақпарат ала аласыз (http://www.hcsbk.kz/deposits/).

Қазіргі таңда Банк өз салымышалрына «Бастау», «Өркен», «Кемел» мен «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын ұсынады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жинақтау мерзімі, заем мерзімі мен заем бойынша сыйақы мөлшерлемесінде. Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі соғұрлым төмен болып, несиелену мерзімі де ұзарады.

Жинақтарға 2% жылдық мөлшерлеме көлемінде Банктен сыйақы және мемлекет тарапынан жыл сайын 20% шамасында мемлекеттік сыйлықақысы есептеледі.

2. Өтемақы қашан төленеді?

Өтеамқы алу бойынша қосымша келісімге отыру/өтініш беру 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін (2016 жылдың 30 маусымы соңғы күн) жүзеге асырылды.

Өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша әрекет ететін тұрғын үй құрылыс жинақ (әрі қарай – ТҚЖ) шарттары бойынша ТҚЖ салымдарына төленуі тиіс. Өтемақы коэффициенті ТҚЖ салымы сомасының 35,5%-ын құрайды, оның 19,2% 2016 жылы, 16,3% 2017 жылы төленеді.

2016 жылы өтемақы төлеу қосымша келісімге қол қойылған/берілген өтініш болған жағдайда 2016 жылдың 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Өтемақы төленудің шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Банк сайтында «Депозиттер» бөліміне өтуге сұраймыз (Сізге ыңғайлы болу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз http://www.hcsbk.kz/deposits/folder1/).

3. Тұрғын үйді қалай алуға болады?

Тұрғын үй заемы арқылы нарықтан пәтер сатып алуға немесе мемлекеттік, аймақтық бағдарламалар арқылы үй алуға мүмкіндік бар.

Нарықтан пәтер сатып алу үшін негізгі 3 шартты орындау қажет:

-          Үйді сатып алуға қажетті соманың 50%-ын жинау немесе бірден салу;

-          Заемды өтеу үшін қаржылық жағдайын растау;

-          Кепілдікпен қамтамасыз ету.

Толық ақпарат алу мақсатымен «Кредиттер» бөліміне өтіңіз (http://www.hcsbk.kz/kk/loans/).

Мемлекеттік бағдарлама Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының шарттарын 6 сұрақтан қарай аласыз.

4. Бағалау көрсеткіші деген не және ол қалай есептеледі?

Бағалау көрсеткіші – Шарт талабымен және Шарт бойынша таңдалған тарифтік бағдарламасына сәйкес шарттық сомаларды төлеу кезектiлiгін қалыптастыру үшiн әрбiр шарт бойынша Банк айқындайтын есептеу шамасы. Бағалау көрсеткіші – Сіздің қаржылық тәртібіңіздің коэффициенті. Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні – 0, ең жоғарғы мәні – шексіз.

Бағалау көрсеткіші әр ТҚЖ шарты бойынша автоматты түрде есептеледі. Оның фактілі мәнін салымшы кез келген уақытта Жеке кабинетте көре алады (келесі сілтеме арқылы Жеке кабинетке өтіңіз https://cabinet.hcsbk.kz/ru/Default.aspx, ақпарат «Шоттар» бөлімінде берілген).

Бағалау көрсеткішін есептеу формуласы ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген. Төменде келтірілген формулаға сәйкес, Сіз бағалау көрсеткішінің мәнін өзіңіз есептей аласыз:

                                                                         Салымның сомасына сыйақы мөлшерлемесі

Бағалау көрсеткіші       =       —————————————————————————

                                                                           Шарт бойынша шарттық сома/1000

Мысалы, Сізде шарттық сомасы 10 млн теңге болатын ТҚЖ шарты бар, оған 80 000 теңге көлемінде Банктен сыйақы есептелген делік. Бағалау көрсеткіші бұл жағдайда формулаға сәйкес:

         80 000

----------------------- = 8,

10 000 000 /1000

яғни, бағалау көрсеткшінің ағымдағы фактілі мәні 8-ге тең.

Бағалау көрсеткіші төмендегі факторлардың негізінде ұлғаяды:

1) Бағалау көрсеткішінің мәні салымшы төлемдерді өз мерзімінсіз (ретсіз) жүзеге асыру кезінде немесе төлемдерді енгізу сомасынан төмен салғанда аз болады.

2) Бағалау көрсеткішінің мәні салымшы жинақтаудың алғашқы кезінде мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыру кезінде өседі.

3) Бағалау көрсеткішінің мәні жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көбірек болады.

4) Бағалау көрсеткішінің мәні салым мөлшері бойынша өршімелі төлеммен салыстырғанда (алғашқы жылында кіші салымдардан үлкен салымдарға дейін) азаймалы төлем кезінде (жинақтаудың алғашқы жылында улкен сомадан кіші сомаға дейін) неғұрлым жоғары болады.

 Жоғарыда айтылғанды қорыта отырып, бағалау көрсеткішінің мәніне салым сомасы мен жинақтау уақыты тікелей әсер ететінін пайымдаймыз. Неғұрлым жинақ мөлшері мен мерзімі көп болған сайын соғұрлым Банктен көп сыйақы есептеліп, бағалау көрсеткішінің мәні ұлғаяды.

            Тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бағалау көрсеткшінің төменгі мәні Банкпен келісімге отырған ТҚЖ шартында көрсетілген. Сонымен қатар, бұл ақпаратты «Депозиттер» бөлімінде қарай аласыз (http://www.hcsbk.kz/deposits/deposits.php).

5. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін кредитті қалай алуға болады?

ТҚЖ шарты бойынша келісімге қол қоя отырып тұрғын үй заемын алу құқығына ие боласыз. Ол үшін шарттық соманың 50%-ын кем дегенде 3 жылда жинап, бағалау көрсеткішінің қажетті мәніне жету керек. Кредиттелу төлем қабілетін растау мен кепілдікпен қамтамасыз етілгенде жүреді. Тарифтік бағдарламалардың шарттарын келесі сілтеме арқылы көре аласыз:                                                                                                                                                                                           

http://www.hcsbk.kz/deposits/deposits.php.

Сонымен қатар, салымшылардың аралық пен алдын ала тұрғын үй заемын алуға мүмкіндіктері бар:

-          аралық тұрғын үй заемы – шарттық соманың 50%-ын жинап, бағалау көрсеткіші 2,5-ке жеткенде алуға болады (кредиттік өтінім бағалау көрсеткіші 0,5 жеткенде қабылданылады);

-          алдын ала тұрғын үй заемы – бұл заем түрін алу үшін шарттық соманың 50%-ын жинау міндетті емес. Ағымдағы уақытта алдын ала тұрғын үй заемы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін берілмейді.

Тұрғын үй заемы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында теңгемен беріледі. Бұл орайда жақсарту деп:

1) тұрғын үй салу (жер учаскесiн сатып алуды қоса алғанда), сатып алу (нарықтан үй сатып алу), соның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен алу;

2) тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);

3) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі iс-шараларға байланысты туындаған міндеттемелерді өтеу;

4) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна енгізу түсініледі.

Зайымдар туралы толық ақпарат алу мақсатымен «Кредиттер» бөліміне өтуді сұраймыз (келесі сілтеме арқылы өтіңіз http://www.hcsbk.kz/loans/).

6. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына қалай қатыса аламын?

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Барлық санаттағы халыққа арналған тұрғын үй» бағытына қатысу үшін мына талаптарға сәйкес болу керек:

- Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;

- Егер Астана және Алматы қалаларынынан тұрғын үй алғыңыңыз келсе, міндетті түрде соңғы 2 жыл ішінде тіркеуде болуы;     

- Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелет жасына жетпеген балаларының), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің:

      - әрбір отбасы мүшесіне ауданы 15 шаршы метрден аз болатын жатақханадағы бөлменің болуын;

      - осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлайын деп тұрған апатты жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жеке меншік үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақта көрсетілген өзге отбасы мүшелерімен үлестік меншіктің үлесі, тұрғын үй бірлігі);

- Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

-          төлем қабілеттілігінің расталуы;

-          Банктің салымшысы болу.

Ең алдымен жеке меншігінде жылжымайтын мүлігі жоқ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл санат бойынша өтініштерді қабылдау Жеке кабинетте онлайн тәртібінде жүргізіледі. Құрылыс нысандары мен бағдарлама шарттары туралы толық ақпартты алу мақсатымен «Қолжетімді баспана» бөліміне өтуді сұраймыз (http://www.hcsbk.kz/kk/the-program-of-development-of-regions/).

«Жас отбасы» санатына арқылы тұрғын үйді жалға алу үшін келесі талаптарға сәйкес келу керек:

- Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;

- өтініш беру сәтіне ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-ға толмауы;

- өтініш беру сәтіне тіркелген неке кезеңінің 2 жылдан кем болмауы;

- ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалары) ағымдағы уақытта және соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында ҚР бойынша тұрғын үйінің болмауы;

- Егер Астана және Алматы қалаларынынан тұрғын үй алғыңыз келсе, міндетті түрде соңғы 2 (екі) жыл ішінде осы қалаларда тіркеуде болуы.

Жас отбасы санаты бойынша Бағдарламаға қатысу мақсатымен жергілікті атқару органына, яғни жергілікті Әкімшілікке бару қажет. Алғашқы сатыда Әкімшілікте іріктеу өтеді. Әкімшілікте тіркелгеннен кейін, төлем қабілетін растау үшін Банкке бағыттау жіберіледі. Өтініштерді тапсыру мерзімі, құжаттар тізімі мен тұрғын үй жайлы ақпаратты Әкімшіліктен анықтау керек. 

7. Сатып алушылар мен жалға алушылардың пулы бойынша балл қалай есептеледі?

Баллды есептеу кезінде, негізгі көрсеткіш – бағалау көрсеткіші болып табылады, яғни салымшының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде  шындығымен/расымен қатысуы (жинақтауы).

Жалпы балл мынадай формула бойынша есептеледі: 

ЖБ = БК  * МҚК /1000 +ЖМ*10

ЖБ – жалпы балл;

БК – бағалау көрсеткіші;

МҚК – жинақтың минималды қажетті көлемін жинақтау Бағдарламаға қатысушы ТҚЖ шарты бойынша жинақталған ақшаның минимальды қажетті көлемінің белгіленген мәніне тең қабылданады;

ЖМ – толық айдағы ТҚЖ шарты бойынша іс жүзіндегі жинақтау мерзімі.

8. Шот бойынша қалай ақпарат білуге болады?

Клиент өз шоты жайлы ақпаратты дербес алу үшін Банктің сайтында Жеке кабинет (Интернет-Банк) қызметі жұмыс істейді. Жеке кабинетте тіркелу үшін Интернет Банк бөліміне өтіңіз (https://cabinet.hcsbk.kz/ru/Default.aspx). Алғаш тіркелу үшін өз ЖСН нөмірі мен шоттың балама кодын теріңіз.  Сізге ыңғайлы болу үшін Жеке кабинетпен жұмыс істеу қолданбасымен алдын ала танысыңыз.

9. Мемлекеттік сыйақы деген не? Қашан және қандай көлемде есептеледі?

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жыл сайын бюджеттен бөлінетін сыйақы мөлшерімен марапатталады. Мемлекеттік сыйлықақымен марапатталатын салым тұрғын үй құрылыс жинақтары мен оған есептелген сыйақыдан тұрады. Мемлекеттік сыйлықақының көлемі марапатталатын салымның 20%-ын (жиырма пайызын) құрайды. Ағымдағы жылғы мемлекеттік сыйлықақы алдыңғы жылдары марапатталған салым сомасына есептелмейді.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары марапатталатын максималды салым сомасы 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең. 2016 жылы максималды сыйлықақы мөлшері 84 840 теңгені құрайды, яғни 200 АЕК-тің (424 200 теңге) 20%-ы. Ағымдағы жылы марапатталмаған жинақ сомасы келесі жылы мемлекеттік сыйлықақымен марапатталуға қалады.

Мемлекеттiң сыйлықақысы жыл сайын есептiк кезеңнен кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкінiң есептелген сыйақысы ескерiле отырып, жылдың қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымның қалдығына наурыз айының 1-не дейін беріледi.

10. Шотты толтырудың қандай ыңғайлы әдістері бар?

Жинақ/ағымдағы шоттарды толтыру Банк кассасы мен терминалдары арқылы, сонымен қатар, басқа да банктер мен қаржылық ұйымдардың кассалары, банкоматтары мен терминалдары арқылы жүреді. Сонымен қатар, шотты толтыру онлайн тәртібінде Жеке кабинетте, egov.kz, kaspi.kz, homebank.kz, myhalyk.kz  пен eubank.kz сайттарында жүреді. Толық ақпарат алу мақсатымен келесі сілтеме арқылы өтуді сұраймыз: http://www.hcsbk.kz/deposits/how-can-i-deposit/.

Касса арқылы шотты толтыру үшін жеке куәлік пен шоттың 20-таңбалы кодын теру қажет. Шотты терминал, банкомат және онлайн тәртібінде толтырғанда шоттың 12-таңбалы баламалы кодын теру қажет.

Жинақ/ағымдағы шотты ұдайы мерзімде толтыру мақсатымен Сіз өз карточкаңыздың эмитент-банкіне ұзақ мерзімді тапсырма жасай аласыз.