«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тиімді депозиттер

Депозит шарттары

Тұрғын үй құрылыс жинақтары - баспана жағдайын жақсарту мақсатында шотыңызға қаражат жинақтап, төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй заемын алу мүмкіндігі.

     №       Депозит шарттары        «Бастау»*
     1      Орташа жинақтау мерзімі      3-5,5 жыл
     2      Сыйақы мөлшерлемесі      2%
     3      Мемлекет сыйлықақысы      20%
     4      Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі      12,6% дейін
     5      Бағалау көрсеткішінің төменгі мәні      16
     6      Ұсынылатын ай сайынғы салым мөлшері      Келісімшарт сомасының 1,25% 
     7      Тұрғын үй заемын алу үшін төменгі қажетті жинақ сомасы      Келісімшарт сомасының 50%

* «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Тарифтік комитетінің шешімімен бекітілген №7 Хаттама, 3 шілде 2007 жыл, іс жүзіне 2007 ж. 10 шілдеде енгізілген

      Депозит шарттары                «Өркен»*
     1      Орташа жинақтау мерзімі          5,5 жыл
     2      Сыйақы мөлшерлемесі         2%
     3      Мемлекет сыйлықақысы      20%
     4      Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі         8,1% дейін
     5      Бағалау көрсеткішінің төменгі мәні          28
     6      Ұсынылатын ай сайынғы салым мөлшері          Келісімшарт сомасының 0,75%
     7      Тұрғын үй заемын алу үшін төменгі қажетті жинақ сомасы      Келісімшарт сомасының 50%

* «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Тарифтік комитетінің шешімімен бекітілген №7 Хаттама, 3 шілде 2007 жыл, іс жүзіне 2007 ж. 10 шілдеде енгізілген

      Депозит шарттары                 «Кемел» *  
     1      Орташа жинақтау мерзімі 8,5 жыл    8 жыл1      7,5 жыл2  
     2      Сыйақы мөлшерлемесі         2%
     3      Мемлекет сыйлықақысы      20%
     4      Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі             6,1% дейін
     5      Бағалау көрсеткішінің төменгі мәні              42
     6      Ұсынылатын ай сайынғы салым мөлшері        Келісімшарт сомасының 0,50%      
    Келісімшарт сомасының 0,53%       Келісімшарт сомасының 2 0,57% 
     7      Тұрғын үй заемын алу үшін төменгі қажетті жинақ сомасы      Келісімшарт сомасының 50%

* «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Тарифтік комитетінің шешімімен бекітілген №7 Хаттама, 3 шілде 2007 жыл, іс жүзіне 2007 ж. 10 шілдеде енгізілген

1. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушылары үшін

2. 2005-2007 жж.арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен 2008-2010 жж.арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, 2010 ж.1 шілдеден бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасаушылар үшін (республикалық бюджет қаражаты есебінен заем алу үшін)

      Депозит шарттары                   «Болашақ»*
     1      Орташа жинақтау мерзімі             15 жыл
     2      Сыйақы мөлшерлемесі         2%
     3      Мемлекет сыйлықақысы      20%
     4      Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі            4,6% дейін
     5      Бағалау көрсеткішінің төменгі мәні              74
     6      Ұсынылатын ай сайынғы салым мөлшері          Келісімшарт сомасының 0,25%
     7      Тұрғын үй заемын алу үшін төменгі қажетті жинақ сомасы      Келісімшарт сомасының 50%

* «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Тарифтік комитетінің шешімімен бекітілген №7 Хаттама, 3 шілде 2007 жыл, іс жүзіне 2007 ж. 10 шілдеде енгізілген

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасау үшін Сізге төмендегі құжаттар қажет:

- Жеке куәлік

- Туу туралы куәлік (егер келісімшарт сәбиге жасалса)

- Нотариалды куәландырылған сенімхат (егер келісімшарт үшінші тұлғаға жасалса).

Бәлкім, біздің өнімдер туралы ақпаратты қарау барысында Сізде сұрақтар немесе анықтауға қажетті жайттар туындаған болар. Сізге бәрін түсінуге көмектесеміз. Аталған сайт арқылы Сіз өзіңізді қызықтырған ақпараттармен, терминдердің анықтамасымен, бағдарлама шарттарымен егжей-тегжейлі таныса аласыздар. Ал егер Банк кеңесшілеріне сұрақ қойғыңыз келсе, Сіз ұялы телефоныңыз арқылы 300 нөміріне қойырау шалуыңызға болады (қоңырау соғу тегін).


Қосымша сыйлықақы

Барлық талаптар сақталған, бірақ тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, Банк сыйақысы төленеді.

  • 3 жылдан 5 жылға дейінгі деректі жинақтау мерзімінде сыйақы мөлшерлемесі шарттың барлық мерзімінде жылдық 0,7%-ды құрайды.  
  • 5 жылдан асатын деректі жинақтау мерзімінде – шарттың барлық мерзімінде жылдық 1%-ды құрайды.


Кредит алу

  • Тиімді кредит алу үшін шарт сомасының 50%-ын ең азы 3 жыл ішінде тұрақты төлеп, қаржы жинақтау жеткілікті.

Бағалау көрсеткіші

Бағалау көрсеткіші – Сіздің қаржылық тәртібіңіздің коэффициенті.

Бұл көрсеткіштің мәні төлеміңіздің тұрақтылығы мен көлеміне байланысты. Осылайша, Сіз бұл көрсеткіштің мәніне ықпал ете аласыз.

Тұрғын үй кредиттін алу кезінде үміткерлерді іріктеуде бағалау көрсеткіші өте маңызды, өйткені бағалау көрсеткіші көп адамға басымдылық береді.  
 

Есептеу формуласы.
Әркім бағалау көрсеткішінің мәнін дербес есептей алады.  Бұл үшін салым сомасына есептелген Банк сыйақысын және шарттық соманы білу қажет, сосын мына формула бойынша есептеу керек:   

Бағалау көрсеткіші = салым сомасына есептелген сыйақы

                                                     Шарт бойынша шарттық сома/1000

Жинақтау неғұрлым көп болса, Банк сыйақысы мен бағалау көрсеткішінің мәні соғұрлым жоғары болады.


Шот мәліметтері

Банк клиенттері үшін біздің сайтымызда Жеке кабинет бөлімі жұмыс жасайды.   


Жеке кабинетте клиент шот үзіндісін, есептелінген сыйақыны, сондай-ақ бағалау көрсеткішінің деректі мәнін қарай алады.