«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тарифтер

Комиссия тізбесі Тарифтік комитет тарапынан мақұлданған (бұдан әрі — ТК) (Хаттама № 20, 29.11.2012 ж.), 27.12.2012 ж. Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген (бұдан әрі — ДКШ)  (Хаттама № 143). Іс жүзіне 01.01.2013 ж. бастап  (25.01.2013 ж.  № 2 ТК Хаттамасына сәйкес енгізілген өзгертулер есебімен) (ДКШ № 2, 14.02.2013 ж.), 09.04.2013 ж. № 6 ТК Хаттамасымен , 14.06.2013 ж. № 8 ТК Хаттамасымен, 12.11.2013 ж. № 14 ТК Хаттамасымен (ДКШ № 26, 13.12.2013 ж.), Банктік өнімдер мен процесстер жөніндегі комитет хаттамасымен (бұдан әрі — БӨПК) № 5, 18.02.2014 ж.(ДКШ № 19, 18.08.2014 ж.), БӨПК Хаттамасымен № 5, 10.03.2015 ж. (ДКШ № 5, 24.04.2015 ж.), БӨПК Хаттамасымен № 10, 14.04.2015 ж. (ДКШ № 9, 26.06.2015 ж.), БӨПК Хаттамасымен № 23, 06.10.2015 ж. (ДКШ № 25, 25.12.2015 ж.) енгізілген.

1. Тұрғын үй құрылыс жинақтары (тұрғын үй құрылыс жинақ шарты):

№    

Қызмет түрі

Комиссия мөлшері

Ескерту

1.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау

Шарттық соманың 0,55%-ы

(ең азы 5 000 теңге)

Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасағаны үшін ұсталынатын комиссияны 3 айдан аспайтын мерзім ішінде  бөліп төлеуге болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасағаны үшін келесі тұллаларға комиссия ұсталынбайды (0=болады):

1) Қазақстан Республикасының интернаттық ұйымдарында 21 жасқа толмаған тәрбиеленгендер;

2) қамқоршы немесе жанашыр ұйымдардың қарауындағы 18 жасқа толмаған жетім балалар;

3) патронатты тәрбие алып жатқан 18 жасқа толмаған жетім балалар;

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршы немесе жанашыр ұйымдардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар;

5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, патронатты тәрбие алып жатқан 18 жасқа толмаған балалар.

2.

Салымшының жинақ шотына ақша аудару

тегін

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша басқа өлшемдерді бір мезгілде өзгерткен кезде тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау үшін комиссия ең жоғарғы комиссияға сәйкес келетін мөлшерде алынады.

3.

Шарттық соманы көбейту

Шарттық соманың көбейтілген сомасының 0,55%-ы

(ең азы 5 000 теңге)

 

4.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзған, тұрғын үй заемын алудан және шарттық сома төлемінен бас тартқан кезде жинақты қолма-қол ақшамен алу

тегін

 

5.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімін  жасау

тегін**

 

6.

Жинақтау кестесінен артық салынған, мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылмаған ақшаны шоттан алу

тегін**

 

7.

Банк салымшысының басқа қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін депозитті кепілге қоюды рәсімдеу

тегін**

 

8.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді басқаға берген кезде ақшаны әрі қарай беру мақсатында транзиттік шотқа аудару

тегін**

 



2. Кредит беру (тұрғын үй, аралық, алдын ала тұрғын үй заемдары):

Қызмет түрі

Комиссия мөлшері

Ескерту

1.

Тұрғын үй заемын алуға берілген өтінімді қарастыру

тегін

 

2.

Тұрғын үй заемын беруді ұйымдастыру

тегін

 

3.

Аралық тұрғын үй заемын, алдын ала тұрғын үй заемын алуға берілген өтінімді қарастыру*

5 000 теңге

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге (қоса алғанда) 50% жеңілдік қолданылады (клиент 7500 теңге төлеуі тиіс). 

4.

Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын  беруді ұйымдастыру

Заем сомасының 0,5%-ы (ең азы 15 000 теңге, ең көбі 100 000 теңге) ***

 

5.

Төмендегі бағдарламаларға қатысушылардың төлем қабілетін бағалағаны және банктің хабарлама рәсімдегені үшін комиссия*:

- 2005-2007 жылдарға арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

- 2008-2010 жылдарға арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы;

- Батыс Қазақстан облысындағы «Жас отбасыларға тұрғын үй салу» (бұрынғы атауы «Жастарға баспана») жобасы;

- Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы.

15 000 теңге

 

6.

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына қатысушылардың төлем қабілетін бағалағаны және банктің хабарлама рәсімдегені үшін комиссия

10 000 теңге

 

7.

Жаңа кепілге қою шартын жасау

25 000 теңге

Комиссия кепілзаттық қамтамасыз ету ауыстырылған,  заемшы /заемшылас банктік заем шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді басқаға берген, заемшылас алып тасталған жағдайда алынады.

Заемшы қайтыс болған жағдайда, басқаға беруге байланысты жаңа кепілге қою шартын жасау үшін комиссия алынбайды

8.

Банктік заем шарттарының, кепілге қою, кепіл шарттарының қосымша келісімін жасағаны үшін комиссия

5 000 теңге

Төмендегілер үшін комиссия алынбайды:

- салымшы/заемшы қайтыс болған жағдайда, құқықтарды басқаға беруге байланысты банктік заем, кепілге қою, кепіл шарттарының қосымша келісімдерін  жасау; 

- клиент деректемелері өзгергендіктен шарттардың қосымша келісімдерін  жасау;

- айыппұлдар мен өсімпұлдың мөлшерін өзгертуге қатысты банктік заем және кепілге қою шарттарының қосымша келісімдеріне қол қою;

- бір тұрғын үй құрылыс жинақ шартының аясында алдын ала/аралық тұрғын үй заемынан тұрғын үй заемына өту үшін банктік заем шартының, кепілге қою, кепіл шартының қосымша келісімін жасау (заемшыласты(-тарды), кепілзаттық қамтамасыз етуді бір мезгілде ауыстырған және/немесе алып тастаған жағдайда және тұрғын үй заемына өтуге байланысты емес басқа жағдайларда банктік заем шартының, кепілге қою шартының қосымша келісімін жасағаны үшін комиссия белгіленген тәртіппен алынады);

- заемшыға тәуелді емес себептер бойынша (растаушы құжаттарды берген жағдайда) заемшыға қайта рәсімдеу үшін берілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және басқа құжаттардың түпнұсқаларын беру мерзімдерін ұзартуға байланысты жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының қосымша келісімін жасау;

- заңнама талаптарына сәйкестендіруге байланысты кепілге қою, банктік заем, кепіл  шарттарының қосымша келісімін жасау;

- банктік заем шартының қосымшасы болып табылатын комиссиялар тізбесінің өзгеруіне байланысты банктік заем шартының қосымша келісімін жасау (басқа талаптарды өзгертпей)

9.

Заемдарды қолма-қол ақшамен төлегені үшін комиссия

Қолма-қол ақшамен төленетін заем сомасының 0,5%-ы

(ең азы 1 500 теңге, ең көбі 50 000 теңге)

      

Клиенттің тілегі бойынша комиссия тікелей заем сомасынан ұсталуы мүмкін



3. Жинақтарды, заемдарды аудару:

 № 

Қызмет түрі

Комиссия мөлшері

Ескерту    

1.

Жинақтар мен заемдарды қолма-қол ақшасыз сыртқы аударым

Аударым сомасының 0,3%-ы, ең азы 1500 теңге, ең көбі 5000 теңге

(клиенттің тілегі бойынша комиссия тікелей аударым сомасынан ұсталуы мүмкін)

     

                                                

2.

Банк жүйесі ішінде қолма-қол ақшасыз аударым

тегін**

 


4. Басқа қызметтер:

№ 

Қызмет түрі

Комиссия мөлшері

Ескерту

1.

Жинақ, несиелік шоттардың жағдайы, несиелік берешектің бар/жоқтығы  туралы анықтамалар және басқа анықтамалар беру*

0 теңге

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 04.05.2015 ж. бастап күшіне енеді (Хаттама №5 24.04.2015ж.)

2.

Құжаттардың (шарттың, қосымша келісімнің және т.б.) телнұсқаларын беру *

1 500 теңге

Құжаттардың телнұсқалары клиент оларды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда беріледі

3.

Жинақ және ағымдық шоттардан үзінді бергені үшін комиссия

алынбайды

 

4.

Кепілзаттық қамтамасыз ету бойынша құқық белгілеуші және басқа құжаттардың көшірмелерін түсіру*     

1 500 теңге

 

5.

Қайта рәсімдеу/нотариатты куәландыру үшін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және басқа құжаттардың түпнұсқаларын бергені үшін комиссия*

5 000 теңге

Заемшыларға қайта рәсімдеу мақсатында жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және басқа құжаттардың түпнұсқаларын беру Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік жобасында айырмашылықтар болып, заем берілген кезде қайта рәсімдеу үшін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші/ сәйкестендіруші және басқа құжаттардың түпнұсқаларын бергенде комиссия алынбайды.. 

6.

Заемдар мен жинақты төлеуге байланысты емес ақшаны қолма-қол төлегені үшін комиссия

тегін**

7.

Қолма-қол ақшасыз сыртқы аударым үшін комиссия

Аударым сомасының 0,3%-ы, (ең азы - 1 500 теңге, ең көбі 5 000 теңге)

Соның ішінде мыналарға қолданылады:

- басқа банк алдындағы берешекті өтеу есебіне жинақ аудару;

- 2005-2007 жылдарға арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен 2008-2010 жылдарға арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының аясында меншікті қаражат есебінен (ішінара) сатып алынатын тұрғын үй үшін төлем;

- Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында меншікті қаражат есебінен (ішінара) сатып алынатын тұрғын үй үшін төлем.    


5. Банктің тікелей өнімдеріне қатысы жоқ комиссиялар1:

 №    

Қызмет түрі

Комиссия мөлшері

Ескерту

1.

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ клиентінің төлем қабілетін анықтау бойынша кеңес беру қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық алым

13 000 теңге

 

2.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын тұрғын үйлерді сатып алушылар пулына кіргізуге берілген салымшы өтінішін қарастыру бойынша кеңес беру қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық алым

тегін **

 


* Бұл тарифке қосылған құн салығы (ҚҚС) кіреді.

** Төленетін комиссияның күшін жою Тариф комитетінің 12.11.2013ж. шешімімен (№14 хаттама) мақұлданды және Банктің Директорлар кеңесінің 13.12.2013ж. шешімімен (№26 хаттама) бекітілді. Комиссиялардың жаңа мөлшері 01.01.2014ж. бастап күшіне енді.

*** Төленетін комиссияны азайту Басқарманың 16.11.2013ж. шешімімен (№34 хаттама) мақұлданды және Банктің Директорлар кеңесінің 13.12.2013ж. шешімімен (№26 хаттама) бекітілді. Комиссиялардың жаңа мөлшері 01.01.2014ж. бастап күшіне енді.