«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес Банктің тұрақты жұмыс істейтін кеңесу, сондай-ақ Банк қызметін қоғамдық бақылау органы болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) Банк қызметіне қоғамның сенімін арттыру;
2) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасының операторы ретінде Банк қызметіне қоғамдық бақылау орнату;
3) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасының операторы ретінде Банк қызметі туралы халыққақпарат беру»;
4) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасының операторы ретінде Банк қызметін жақсартуға қатысты бағалау, ескерту, ұсыным және ұсыныс әзірлеу және шығару;
5) Қазақстан Үкіметіне, ЖАО-ға, депутаттар корпусына жария түрде үндеу жолдау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында Қоғамдық кеңес жұмыстарын көрсету арқылы Банк пен қоғамның, соның ішінде қоғамдық ұйымдардың және жергілікті құзырлы билік органдарының арасында байланыс орнату.

Қоғамдық кеңес тоқсан сайын кемінде бір мәрте бас қосады. Кеңес мүшелері «Банк-ҚР қоғамы» қарым-қатынасының дамуы бойынша ұсыныс береді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы:

Сергей Пономарёв – журналист, тележүргізуші, медиа-бапкер

Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Сергей Туник – «Караван» газетінің шолушысы

Айдос Сарым - саясаткер

Мереке Құлкенов – баспагер, жазушы, қоғам қайраткері

Дәурен Бабамұратов – «Болашак» жастар қозғалысының жетекшісі

Жақсылық Үшкемпіров - олимпиада чемпионы, қоғам қайраткері  

Нина Лукьяненко - Біріккен риэлторлар қауымдастығының вице-президенті, тұрғын үй саласындағы сарапшы.

Михаил Козачков - «Время» газетінің шолушысы

Ербосын Шадиков – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы

Бұлбұл Сахариева - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы