«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Акционерлер үшін ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2013ж. № 516 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы», 22.05.2013ж. № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландырудың және ұлттық экономиканы дамытудың бірқатар шаралары туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 23.08.2013ж. № 628 бұйрығына сәйкес, Банктің қарапайым акциялары орналастырылатын акциялардың төлеміне «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамына берілді.

28.08.2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) қарапайым акциясы 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 10 үй, тел. 7 (717) 2 798457 мекенжайында орналасқан «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының меншігінде, БСН 130540020197.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жай акцияларын орналастыру туралы, ақпарат

1. Эмитенттің толық атауы және орналасқан жері:
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, олардың түрі және саны, тиісті орналастырылуы:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 5060 Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігі.
  • Шығарылым KZ1C50600010 ұлттық бірегейлендіру нөмірін иеленген 7 830 000 (Жеті миллион сегіз жүз отыз мың) данаға бөлінді. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5060 нөмірімен енгізілді. 
  • 2010 жылғы 04 қарашадағы жағдай бойынша төленген 21 300 000 000,00 (Жиырма бір миллиард үш жүз миллион) теңге жарғылық капитал жағдайында 2 130 000 (Екі миллион бір жүз отыз мың) жай акциялар төленді.

3. Акциялар шығарылымы проспектісімен және олар туралы өзге, ақпараттармен танысу мүмкін болатын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бөлімшелері және лауазымды тұлғалары туралы мәлімет:
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91, Қазынашылық Департаментінің директоры — Дуганова Гульбахрам Абдримовна, телефон: 8 (727) 279-48-29.

4. Акцияларды орналастыру құны және олардың төлемдері туралы мәлімет:
1) жарияланған акциялар саны, түрі:

  • қарапайым акциялар — 7 830 000 дана.
  • артықшылықты акциялар — 0 дана.
2) бір қарапайым акцияның атаулы құны — 10 000,00 теңге
3) акциялар артықшылықты сатып алу құқығымен Банктің Жалғыз акционеріне орналастырылды.

5. Тіркеуші туралы мәлімет:
Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамы
Заңды мекенжайы — 050000, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 141, тел.: 8 (727) 272-69-40, 272-69-90
«Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздардың жалғыз тіркеушісі» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 171 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 01.12.2011 жылғы № 1 шешімімен құрылды.
13.08.2012 жылғы № 00039-АО Шарты

Таза кірісін бөлу тәртібі

  • 2015 жылғы таза табысты бөлу

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасы жылдық қаржылық есептілікті бекіту және жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ әрекетіне Жалғыз  акционердің сұрау салуы туралы ақпаратын мағлұмат ретінде қабылдау және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі жөніндегі мәселе бойынша шешім (10.03. 2016 жылғы Басқарма отырысының № 09/16 хаттамасы) қабылдады:      

     1) 2015 жылғы Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер Жалғыз акционерге төленбесін және 2015 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша түскен 15 232 242 264 (он бес миллиард екі жүз отыз екі миллион екі жүз қырық екі мың екі жүз алпыс төрт) теңге көлеміндегі таза табыс Банк қарамағына қалдырылсын.

  • 2014 жылғы таза кірісті бөлу
2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 19.05.2015 жылғы отырысының № 17/15 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014 жылғы 11 553 289 727 теңге (он бір миллиард бес жүз елу үш миллион екі жүз сексен тоғыз мың жеті жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 7 166 094 300 теңгесі (жеті миллиард бір жүз алпыс алты миллион тоқсан төрт мың үш жүз теңге) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 387 195 427 теңге (төрт миллиард үш жүз сексен жеті миллион бір жүз тоқсан бес мың төрт жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ билігіне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 915 (тоғыз жүз он бес) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде бекітілсін.

  • 2013 жылғы таза кірісті бөлу
2013 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 29.05.2014 жылғы отырысының № 18/14 хаттамасы) қабылдады:

1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 5 997 096 335,13 теңге (бес миллиард тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоқсан алты мың үш жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 1 799 177 400,00 теңгесі (бір миллиард жеті жүз тоқсан тоғыз миллион жүз жетпіс жеті мың төрт жүз теңге 00 тиын) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 197 918 935, 13 теңге (төрт миллиард жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың тоғыз жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкіміне қалдырылсын.

2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 229,78 теңге (екі жүз жиырма тоғыз теңге 78 тиын) мөлшерінде бекітілсін.


  • 2012 жылғы таза кірісті бөлу
«Байтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім қабылдады («2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу және „Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі“ акционерлік қоғамының бір қарапайым акциясына деген есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе бойынша Басқарманың 29.07.2013 жылғы отырысының № 02/13 хаттамасы):
1) 2 041 836 603,43 теңге (екі миллиард қырық бір миллион сегіз жүз отыз алты мың алты жүз үш теңге 43 тиын) сомасындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— 611 979 668,29 теңге (алты жүз он бір миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың алты жүз алпыс сегіз теңге 29 тиын) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші-деңгейлі банктердің резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» 28.08.2009 жылғы № 196 қаулысының талабы негізінде резервтік капиталды қалыптастыруға жұмсалсын;
— 714 879 000,00 теңге (жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың теңге 00 тиын) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсалсын;
-714 977 935,14 теңге (жеті жүз он төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз отыз бес теңге 14 тиын) әрі қарай даму үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқаруына қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір қарапайым акциясына деген есеппен 91,30 теңге (тоқсан бір теңге 30 тиын) дивиденд мөлшері бекітілсін.